Бағдарламалар • 22 Сәуір, 2018

Қостанай облысында 21-ші цифрлы  технологиялық IT кабинет ашылды

880 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай ауданының орталығы Затобол поселкесіндегі № 2 орта мектепте цифрлы технологиялық IT кабинет ашылды. Бұл облыстағы  осындай  21-ші кабинет болып саналады.

Қостанай облысында 21-ші цифрлы  технологиялық IT кабинет ашылды

Бұл мектеп базасында ашылған кабинет   аудандағы  Балалар шығармашылығы үйіне қарасты болады. Кабинетте оқушылардың ақпараттық технологиямен айналысуына қажетті барлық құралдар орналастырылған.

«Мұнда балалар олимпиадаға дайындалу үшін, өздері ізденіп түрлі бағдарламалар жасауы, электроникамен айналысуы үшін қажетті құралдардың барлығы да бар. Жақында мектептің екі мұғалімі арнайы курстан өтіп, сертификат алатын болады. Содан кейін олар осы кабинетті сабаққа да пайдаланады. Оқушылар барынша жеке ізденіп, ғылыми жұмыстарға тартылады», дейді  аудандық оқу білімінің әдіскері Айнұр Жұмағалиева.

IT кабинетте тек  аудан орталығындағы мектеп оқушылары  ғана емес, ауыл мектептерінің балалары цифрлық технологиямен керегінше танысып, пайдалана алатын болады.

Кабинетті жабдықтауға 8 миллион теңге жұмсалды.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай облысы,

 Қостанай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18