Аймақтар • 22 Сәуір, 2018

Мақтарал аудандарында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

496 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алдағы 1 айда Мақтарал ауданына кіреберіс саналатын Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің маңындағы жол жиектері жаңа кейіпке енетін болады. Нақтырақ айтсақ, көркі көз тартар шарбақтар мен жол шамдары орнатылып, толықтай аббаттандырылмақ, деп хабарлайды Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Мақтарал аудандарында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

Дәл осындай жұмыстар Асықата кентінде жалғасып, Қазыбек би ауылдық округі маңындағы жол жиегі де көгалдандырылып, жаяу жүргіншілерге арналған жолаяқ салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Жетісай қаласының кіреберісіндегі жол жиектері де қалыпқа келтіріліп, көпір маңындағы гүлзарда ерекше кейіптегі жарық шамдары орнатылмақ. Мұндай аббаттандыру жұмыстары аудандымыздың барлық елді мекендерінде жасалынады. Бұл туралы аудандағы сенбілік барысымен танысып шыққан өңір басшысы Ж.Бейсенбаев мәлім етті.

Бүгінде Мақтарал ауданында осыдан 1 апта бұрын басталған сенбілік жалғасуда. Өткен апатада жол-жиектері күл-қоқыстан тазартылып, гүлдер егілсе, бұл жолы жаппай тал егу жұмыстары қарқын алды. Атап айтқанда, 3814 дана ағаш көшеттері мен шырша отырғызылды. Тал егу жұмыстарына куә болған аудан әкімі өзі де тал отырғызып, жастарға күтіп-баптаудың қыр-сырын үйретті.

Сенбілікке барша қала, кент, ауылдық округтерден 10 мыңнан аса адам және 31 техника қатысып, 420 тонна ретсіз күл-қоқыс шығарылды. 83 шақырым көшенің бойлары, 22 шақырым аяқжолдар тазаланып, ретке келтірілді. Сонымен қатар, 10 балалар алаңшалары, 4 спорт алаңшалары мен 15 автобус аялдамалары әктеліп, сырланды.

Одан бөлек, 145 көпқабатты үйлердің аумақтары мен кіреберістері, 2671 шаршы метр үй іргелік аулалары ретке келтірілсе, 1,775 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер қоқыстан арылды.

Айта кетейік, аудан әкімінің бастамасымен өтіп жатқан сенбілік келер апта жалғасатын болады.