Телефонмен болған әңгімеде, ең алдымен Бақытжан Сағынтаев Мухаммедкалый Абылгазиевті жаңа қызметімен құттықтады. Сондай-ақ, екі ел премьері үкіметтер ара достықты дамытуға бағытталған қазақ-қырғыз қарым-қатынасының өзекті мәселелері туралы сөйлесті.
Тараптар Қазақстан президенті Назарбаев пен Қырғызстан президенті Жээнбеков арасында жасалған келісімдерді орындау жайында да әңгіме өрбітті.