03 Желтоқсан, 2011

Сақтандыру ісіне жауапкершілік қажет

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл - ауқат қорында сақ­тан­дыру мәселесі бойынша кезекті кеңес болып өтті. Оны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы төр­ағасы Тимур Құлыбаев жүргізді. Кеңесте қордың еншілес ұйымдары өз активтерін сақтандыру мақсатында жылына шамамен 7,8 млрд. теңге көлемінде елеулі қаржы жұмсайтыны атап өтілді. Бұл төлем­дердің негізгі бөлігі 7 ірі компания – «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Самұрық-Энерго», «Эйр Астана», «Қа­зақтелеком», «Қазатомпром» және КЕГОК еншісінде. Жүргізілген талдау көрсеткендей, қор компаниялар тобы ара­сында сақтандыру ірі және сенімді сақтандыру ұйымдарымен жүр­гізіледі. Дегенмен, сақтандыру ұйымдарына деген талаптың жоқ­ты­ғы, қажетті бақылаудың болмауы, делдалдар қызметінің төмендігі, орын алған кейбір маңызды қатердің сақтандырылуының болмауы, қаржылық жағдайы тұрақсыз сақтандыру компанияларында сақтандырудың болуы сияқты келеңсіз деректер де орын алған. Кеңес қорытындысы бойынша қор басшысы Тимур Құлыбаев еншілес компаниялардағы активтерді сақтандыру үрдісінің айқын­ды­ғын қамтамасыз етуге, қаражат шығынын бақылауға белсенділікті арт­ты­ру­ға, сондай-ақ қызмет құнын арттырудың барлық жағ­дайын қарастыра отырып, шығын келтірген және заң бұзушылыққа жол берген компания қызметкерлерін жауапкершілікке тарту жөнінде тапсырма берді. «Егемен-ақпарат».