Бағдарламалар • 23 Сәуір, 2018

Елбасы Үндеуі – Жастарды қолдаудың тиімді тетігі

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің бес әлеуметтік бастамасын зейін қойып оқыдық. Әсіресе «Жоғары білім алудың қол­жетімділігі мен сапасын арт­ты­рып, студент жастардың жатақ­ха­на­дағы жағдайын жақсарту» тура­лы бастама үшін шексіз қуандым.

Елбасы Үндеуі – Жастарды қолдаудың тиімді тетігі

Менің ойымша, қосымша грант­тардың бөлінуі, әсіресе тех­­ни­ка­лық мамандықтарға ба­сым­дық берілуі жастар үшін үлкен мүмкін­дік. Болашақты нанотехнология мен робот-тех­никаның қолында деп есептесек, біздің жас­тар заман көшінен қалмауы тиіс.

Сондай-ақ жатақхана салу туралы мәселе дер кезінде көтерілді деп есептеймін. Өйткені қазір әрбір оқу орындарының басыбайлы жатақханасы жоқ, ал пәтер жал­дап тұруға шалғай ауылдан кел­ген жастардың қаржылары жете бермейді. Басында баспанасы бар жастарымыз пәтер үшін алаң­дамай, тек оқуға ден қоятыны рас.

Мен Мемлекет басшысының жас­тар үшін барлық мүмкіндікті жасап жатқандығына қуаныш­тымын.

Раиса МӘДЕНОВА-ХВАН,

Маңғыстау облыстық «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы

 

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18