Бизнес • 23 Сәуір, 2018

Кәсіпкер Бексейіт Сәрсекбаев

206 реткөрсетілді

Халқымызда «Тәуекел түбі – жел қайық, өте­сің де кетесің» деген қанатты сөз бар. Қалам ұс­та­ған ағайын болған соң елдің ойын бағып жү­ре­міз. Байқайтынымыз, көп адамның тәуекел­ге тісі бата бермейді. Өз мүмкіндігіне сене бер­мей­ді. Ал бар қорқынышты бойыңнан сыпырып тас­­та­­саң түк те емес. Аспаннан жаңбыр сұраса ақша жауа­тын бай болмассың, бірақ ешкімнен кем өмір сүрмейтінің айдан анық. Бала-шағаң бақуат.

Қарапайым үлгі ретінде айтайық, Жаңақорған ауданы М.Нәлібаев ауылының тұрғыны Бексейіт Сәрсекбаев әрі-сәрі болып жүрген адамдарға жақсы үлгі бола алады. Ол «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасынан екі миллион теңге несие алады да, сол қаржысының мұртын бұзбастан 550 тауық, 100-ге жуық күркетауық сатып алады. Осы мақсат үшін арнайы салып алған қора-жайында бағып, басын көбейтіп отыр. Бүгінгі жаңа технологиялар тауықтың күрк болғандығын күтпей-ақ арнаулы аппараттармен балапан бастыра береді. Кәсіпкер табиғи жолмен көбейту жағына да көңіл аударады. Қазір ол екі-үш мың балапан басын бағып-қағу үшін жылы қора салып жатыр. Қажетті негізгі дәрумендер Ресей нарығында болғанымен, оның да оябы табылар деген ниетте.

Өзінің де жері бар кәсіпкер жүгері алқабын ұлғайтпақ. Әзірге өзге шаруалардан керегін айырып отыр. Құс шаруашылығы таңертең албардан жайылымға айдап шығаратын, сыртынан байқастап кешке қоралайтын мал емес, өзінің басқа қызық-шыжығы жетеді. Қажетті орташа жылу сақталу керек. Күркетауыққа жақсы бап керек. Балапан кезінде өте нәрәнжу болады. Тұмсығы қаттылау жерге тисе де көзі аларып құлап қала береді. Ал өскен соң нағыз жаны сірі құсыңыз осы. Аязды күндері желге кеудесін тосып, суық сорған сайын семіреді. Оның үстіне кішігірім тоқты-торымдай болатын күркетауықтан түсетін пайда да жақсы.

Бүгінде Қазақстан ұлан-ғайыр жері бола тұра өзін ауылшаруашылық өнімдерімен толық қамтып отыр деп мақтана алмаймыз. Мұны Елбасымыз да жиі айтады. Үкіметке осыған қатысты нақты тапсырмалар беріліп отыр. Өкінішке қарай, сырттан тасымалданатын өнімдер өте көп. Егер ауылда тұратын, тәуекелдің қайығына қаймықпастан мінетін Бексейіт сияқты азаматтар көп болса, бұл қазақтың асығы алшысынан түсер еді-ау деп ойладық. Жұмыс жоқ деп бала-шағаға берілетін жәрдемақыға көз сүзетін жігіттерге ой түсе ме деп. Ақшаны қайдан аламын дейтіндей емес, Бексейіт сияқты орташа шаруалар жолын көрсетіп отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Cафлор көлемі артып келеді

Аймақтар • Бүгін, 15:30

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Бүгін, 12:08

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Бүгін, 09:48

Музей жаңа залдармен толықты

Руханият • Бүгін, 09:20

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар