Оған арнайы келген Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ІТ-парк жұмысымен танысып, оның цифрландыру жөніндегі бағдарлама аясында маңыздылығын атап өтті.
IT-парк құрамында ақпараттық-тіркеу бөлімі, жұмыс аймағы, презентациялау аймағы, бизнес-келісім аймағы, әңгімелесу-демалыс аймағы, оқыту аймағы, техно-лаборатория (мастерская), 3D студия, серверлік бөлме бар.
Ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Индира Ақжігітова: - ІТ-паркті құру талантты жастарды қолдап, олар жасаған инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, түрлі лабораториялық симулятор, 2D, 3D графикалық жобаларды әзірлеу мен өндірістегі қолданысын тестілеуге, ақпараттық-бағдарламалық өнімдер жасап шығаруға, өндіріс және облыс дамуының салаларын автоматтандыруға және оларға қызмет көрсетуге мүмкіндік туғызады,- дейді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы