Аймақтар • 23 Сәуір, 2018

Павлодарда Нидерланды елшісі студенттерге дәріс оқыды

384 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нидерланды Корольдігінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Дирк Ян Коп  облысқа сапар барысында облыс әкімі Болат Бақауовпен кездесті.

Павлодарда Нидерланды елшісі студенттерге дәріс оқыды

Университет  баспасөз қызметінің хабарынша, сонымен бірге, Дирк Ян  Коп С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университет студенттеріне  Нидерланды  экономикасы жөнінен дәріс оқыды. Студенттер, оқытушылар  цифрландыру, ауыл шаруашылығы , экология,  жылыжайлар өсіру салаларына қатысты қызықтырған сұрақтарын қойды. Мысалы, облыс орталығында голландиялық компания жылыжай комбинатын, тағы бір компания Ақсу  қаласында, Екібастұзда жылыжайлар жұмыс бастады.  Жылыжайлар  жұмысы  компьютерлермен басқарылады. Барлық қондырғы, құрылғылар  Голландиядан әкелінеді.

– Жылыжайда жұмыс  істеу үшін университет  дипломы қажет емес, техникалық білікті маман қажет, - деді елші.

Бірақ, ондай мамандар  біздің елімізде  аз. Мысалы,  Каспий  теңізіндегі  кемелер қызметінде  көптеген украиндықтар жұмыс жасайды екен. Бұл жерде  қазақстандық жастардың да  еңбек ету мүмкіндігі  еліміз үшін қажет.

Дәріс барысында    бес тіл білетін  елші Дирк Ян  Коп қазіргі қолданбалы мамандықтар қатарындағы кадрлардың қажеттілігіне де назар аударды. Мысалы, Екібастұздағы сияқты голландық жылыжай кешендеріне маман, білікті агрономдарға сұраныс көбеюде.Сонымен қатар, Каспий теңізіндегі кемелерге  қызмет көрсету нарығында да кәсіби мамандарға да сұраныс бар. Өйткені, кемелер, жүзетін қонақүйлер мен өзге инфрақұрылымдар Нидерландыда жасалды.

Ал, кеме қатынасы саласындағы қызметті келісімшартқа отырған украиналық мамандар жүзеге асырады екен.  Осы екі мысал арқылы елші қолданбалы мамандықтардың біздің еліміздің экономикасы үшін аса маңызды екенін жеткізді. Бұдан басқа,  ұста болсын, монтажшы, гидротехниктер  Голландияда үлкен құрметке ие, еңбектері жоғары бағаланады. Біздің елімізбен Нидерланды арасындағы 25 жылдық ынтымақтастық туралы, Нидерландының аумағы біздің жерімізден 65 есе кіші екенін де айтып өтті.  Халық саны жағынан ұқсас. Бірақ, аумағы шағын болса  да, азық-түлік экспорты бойынша  Нидерланды АҚШ –тан кейін екінші орында.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

Суретті түсірген: Руфина Торпищева

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18