Парламент • 23 Сәуір, 2018

Н.Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы елшісімен кездесті

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Н.Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы елшісімен кездесті

Тараптар екіжақты, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті сұрақтарын талқылады.

Н.Нығматулин атап өткендей, Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі, сенімді досы және тату көршісі. Өткен жылы қос мемлекет арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толды.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Қазақстан мен Ресей Президенттерінің терең түсіністік пен достыққа негізделген салиқалы саясаттарының арқасында біздің елдеріміз өзара әріптестіктің жоғарғы көрсеткіштеріне қол жеткізді.

Маңызды бағыттар қатарында Н.Нығматулин аймақаралық және шекарааралық ынтымақтастықты, Еуразиялық кеңістікте интеграциялық бірлестіктер аясында өзара іс-қимылды атады.

Өз кезегінде А.Бородавкин Қазақстанмен достық қатынасты дамыту зор маңызға ие екенін алға тартып, екі ел арасындағы ауқымды жетістіктерге тоқталды. Екі елдің Парламент өкілдері ТМД ПАА аясында ұлттық заңнамаларды үйлестіру бойынша табысты еңбек етіп, ЕурАзЭО заңнамалық базасын қалыптастыруда бірлесе белсенді жұмыс істеуде.

Мәжіліс Төрағасы елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтай келіп, А. Бородавкиннің дипломатиялық жұмыстағы мол тәжірибесі біздің елдеріміз арасындағы байланысты жан-жақты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.