Әлем • 23 Сәуір, 2018

Арменияның премьер-министрі отставкаға кетті

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Арменияның премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетті, деп хабарлайды bbc.com.

Арменияның премьер-министрі отставкаға кетті

Елдегі оппозиция соңғы он бір күн бойы Ереванда толассыз шеруге шығып, оның екі мерзім президент болған соң үкімет басқаруға қайтып келуіне наразылық танытқан. 

Саргсянның Армения премьері болып сайлануына қатысты акциялар 13 сәуірде басталған еді. Саргсян 2008 және 2013 жылдары президент қызметіне екі рет сайланған. Оппозиция оны тиімсіз ел басқарды және экономикалық жағдайды құлдыратты деп айыптады. 17 сәуірде оппозиция "барқыт революциясын" жариялады. Наразылыққа қарамастан Армения парламенті сол күні Саргсянды министрлер кабинетінің басшысы етіп сайлады. Ал оның алдында конституцияға премьерге кеңейтілген құзырет беретін өзгерістер енгізілген еді.