Әлем • 24 Сәуір, 2018

Басқа басылымдардан: Қырғи-қабақ соғыс қайта басталды

705 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Германияның SVT арнасына берген сұхбатында Сирияға қа­ты­сты өз пікірімен бөлісіп, ондағы жағ­дайды тұрақ­тандыру қиын мәселе еке­нін мә­лімдеді.

Басқа басылымдардан: Қырғи-қабақ соғыс қайта басталды

Бас хатшының айтуынша, Сирия­дағы ахуалды толықтай шешу жалғыз БҰҰ-ның қолынан келетін шаруа емес. Ол әсіресе, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі ортақ ше­шімге келе алмай жатқанда жағ­дай­дың қиындап кеткенін айтып өтті.

«Сирияда әлемнің түкпір-түкпі­рі­нен келген түрлі әскери топтар әре­кет етіп жатыр. Онда мүдделер то­ғы­с­ып, қырғи-қабақ соғыстың өрті тұ­тан­ды. Шейіттер мен сүнниттер қыр­­қысып, аймақты бө­лік­терге бөліп тас­тады. БҰҰ-ның таң­ғажайып жолмен бүкіл мәселені шешіп тас­­тауына сену тым аңғырттық болар еді», деді А.Гутерриш.

Сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы таяуда АҚШ тарапы Сирияға жасаған әуе шабуылы жөнінде де өз пікірін біл­діріп, қырғи-қабақ соғыстың қайта бас­тал­ғанын, алайда қазіргі жағдайдың бұ­рынғыдан өзгеше екенін айтып өт­кен.

«Бұрын шиеленіс АҚШ пен КСРО арасында болған еді. Қазіргі таңда АҚШ пен Ресей бұрынғыдай бәрін бақы­лауда ұстай алмайды. Түркия, Иран, Сауд Арабиясы секілді көптеген елдер аймақта белсенділік танытып жатыр. Қыр­ғи-қабақ соғысы кезінде ке­ліс­сөз жүргізуге, бақылауға және бай­ланыс орнатуға, тіпті оқиға шие­ленісіп кет­кен­де де оны шектен шығар­мау­ға мүм­­кіндік болатын. Қазір ондай құрал жо­қ. Сондықтан ондағы ахуал тым күр­делі», деді А.Гутерриш.

Дегенмен Бас хатшы Сириядағы ахуалдың тұрақтануынан әлі үмітті екенін жеткізді. Оның пайымдауынша, алдағы уақытта аймақтағы түйт­кіл­дің шешімі табылуы тиіс. Әлемде бей­бітшілік пен қауіпсіздік орнату үшін барлық тарап ортақ келісімге келуі қажет. Сондай-ақ А.Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі келіс­пеу­шілікке наразы екенін атап өтті.

Ауғанстанда қайтыс болғандар саны 63-ке жетті

Ауғанстан астанасы Кабулдағы және Бағлан провинциясындағы террористік шабуылдан қайтыс бол­ған­дар саны артып келеді.

Дауыс беру учаскелеріндегі жары­лыстан қаза тапқандар саны 63-ке жуықтап, жүздеген адам жарақат алғ­ан. Әуелі Кабулдегі куәлік беру ме­ке­ме­сінде жанкешті өзіндегі бомбаны жа­рып жіберген. Соның салдарынан 57 адам мерт болған. Кейінірек Бағлан про­винциясында бомба тиелген жүк кө­лігі дауыс беру учаскесіне барып соғылған. Онда қайтыс болғандар саны алтыға жетіпті.

Al Jazeera арнасының мәліметіне сүйенсек, ИЛИМ/ДАИШ ұйымы Кабулдағы террористік шабуылды өз мойнына алған. Әзірге Бағландағы оқиғаны кім ұйымдастырғаны белгісіз. Арнаның хабарлауынша, Кабулдағы жарылыс кезінде көптеген балалар мен әйелдер қаза тапқан көрінеді.

Associated Press агенттігіне сұх­бат берген қоғамдық денсаулық минис­трі­нің өкілі Вахид Маджроның айтуынша, оқиға орнында 21 әйел, 5 бала мерт болған. Ол қаза тапқандар саны көбеюі де мүмкін екенін жеткізді.

Айта кету керек, биылғы қазанда Ауғанстанда парламенттік сайлау өте­ді. Кабулдағы жарылыс – дауыс беруге қарсы жасалып отырған төртінші ша­буыл.

Армения премьер-министрі отставкаға кетті

Армения премьер-министрі Серж Саргсян елдегі бірнеше күнге созылған наразылық шеруінен кейін қызметтен кетті. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты мәлімдеді.

«Никол Пашиняндікі (қарсылық акциясының жетекшісі ред.) дұрыс, менікі қате болды. Болған оқиғадан шығатын бірнеше жол бар, алайда мен оның бірде-біріне бармаймын. Бұл маған лайық емес. Мен мемлекет басшысы қызметінен, яғни премьер-министрліктен бас тартамын. Сіздердің талаптарыңызды орындаймын. Елімізге бейбітшілік тілеймін», делінген сайтта жарияланған мәлім­де­меде.

Таяуда С.Саргсян премьер-министр болып сайланған еді. Бұл шешімге келіспеген халық жаппай көшеге шығып, наразылығын білдірді. Олар ел астанасы Ереванның орталығына жиналып, үкімет ғимараттарына кіруге кедергі жасаған еді.

Жексенбі күні оппозицияның талабымен Ереванда С.Саргсян және Никол Пашинян арасында келіссөздер жүргізілген болатын. Сол күні Н.Паши­нян бастаған бірқатар оппозиция өкілдері тұтқынға алынды. Алайда дүйсенбі күні олар босатылды.

2015 жылы Арменияда консти­ту­цияға өзгерістер енгізіліп, ел басқару президенттік биліктен парламенттік жүйе­ге ауысқан болатын. Соған сәй­кес, премьер-министр ел тізгінін ұстайды.

Айта кету керек, С.Саргсян Арме­ния­ның президенті қызметін 2008-2018 жылдары атқарды. Ал жақында өткен сайлауда ел президенті болып Армен Саркисян тағайындалды.

Шолуды әзірлеген

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»