03 Желтоқсан, 2011

Даналыққа әбден лайық атақ

339 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Президентіміз Нұрсұлтан На­зар­баевқа  «Халық Қаһарманы» ата­ғын беру туралы шешім қа­был­данғанын естіп қуандым. Тәу­елсіз жас Қазақстан мем­ле­ке­тінің құрылуы – Нұрсұлтан Әбіш­­ұлының ерен  еңбегінің жемісі. Қанша ғасыр бодандықта бол­ған елді халқының адал перзенті қара нардай  сүйреп бос­тандыққа шығарды.  Осыдан 20 жыл бұрын тәуелсіздігін алған Қазақстан өте күрделі жағдайда қалған еді. Жер көлемі бойынша әлемде тоғы­зыншы орын алатын, Менделеев кестесіндегі ен бай­лық түгел  табылатын елдің бар екені Ресейдің көлеңкесінде байқалмайтын. Экономикалық байланыстар­дың үзі­луі себепті тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өте қиын болды.  Жоспарлы экономиканың орнына бұрын кездеспеген на­рық­тың келуі де ауыр салмақ сал­ды.   «Артың жалын, алдың мұз, барар едің қай жаққа», деп ұлы Абай  айт­қандай, дағдарған  кез еді  сол уақыт. Нұрсұлтан Назар­баевтың дана саяса­ты­мен оның соңынан ерген тұтас ел жүгі аумай, кемесі батпай даңғылға шықты. Нұрсұлтан Әбішұлы алдымен елдің  тыныштығына баса мән берді. Ел ішінде береке болса ғана,  алдағы мақ­сат­тарға  адаспай жететінімізге  халықты сендіре білді.  Екіншіден, ол Тәуелсіз жас мемлекеттің дүние жүзіндегі азуын айға білеген  алпауыт елдермен тең дә­ре­жеде иық те­ңестіруіне, әлемге таны­луына бар күшін жұмсады.  Қазақ­станға инвестиция тартты. Ал қазір қандаймыз! Алғаш­қы он жылда мойнымыздағы қамы­тымызды тастап, бойы­мыз­ды тіктедік. Ал  соңғы он жылда  дамудың жолына түстік. Ха­лық­аралық беделді ұйымдарға  мүше болдық. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық  ұйымына басшы­лық­ты абыроймен атқар­дық. Нұрсұлтан аға­мыздың көш­басшылығын әлемдегі бел­гілі сая­саткерлер де  мойындап отыр. Президенттің халықаралық  беделі еліміздің де абыройын көтеріп келеді. Көшбасшылық – даналықпен қатар қоятын ұғым. Оншақты жыл­да Арқаның төрінде тоты құстай таранып өскен Астана қа­ласы да  Нұрсұлтан Назар­баев­тың  болашақты болжайтын көш­бас­­шы­лығының  нақты көрінісі. Нұрсұлтан Әбішұлы – мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік қызметкердің қандай болуы керектігін де нақты  көрсетіп берген басшы. Оған 2030 стратегия­сы дәлел. Сол құжатта  еліміздің болашағы қолмен қойғандай ай­тылған және ол біртіндеп жүзеге асып келеді. Міне, бұдан артық қандай көрегендік керек! Нұр­сұлтан Әбішұлы – нағыз  халық қаһарманы. Сол лайық атақты халқы бүгін қолдап, қоштап отыр. Соған қуанамыз. Кенжебек УКИН, Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.