03 Желтоқсан, 2011

Осы жолғы ұсыныстың жөні бөлек

281 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Халқымызда «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын  ел сақтар» деген бар. Мұны Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды әлемдегі ең қуатты мемлекеттер қатарына енгізудегі еңбегіне байланысты айтуға бо­ла­ды.  Осыдан 20 жыл бұрын елі сенген Елбасы сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевқа республика жұрт­шы­лығы үлкен үмітпен дауысын берген еді. Содан бергі кезеңде Тәу­ел­сіз еліміздің экономикасында жыл­ма-жыл өсім байқалып келеді. Тоз-тозы шыға жаздаған ауыл шаруа­шы­лығының тамырына бүлкілдеп  қан жүгірді. Игерілуі өзімізге қиын соғатын ірі мұнай кеніштері шетелдік инвестицияның салынуымен ел игілігінің қажетіне жарай бастады. Бәсекеге қабілетті отандық өнімдер өндіріліп, бұрын-соңды өңіміз тү­гі­лі түсімізге кірмеген ерен істер атқарылып жатыр. Әрине, кезінде Қазақстан тәуел­сіз­дігіне күмәнмен қарап, келешегіне оң тілеулестік танытқысы келмеген елдерді де білеміз. Өйткені, олар өздерінде Нұрсұлтан Назарбаевтай елдің болашағын әріден ой­лайтын, соған орай тың рефор­ма­лар­ды табандылықпен қолға ала­тын батыл басшысы болмағаннан кейін Қазақстанның алдағы күн­де­рі­не қызғанышпен қараған шығар. Тәуелсіздік жылдарында «Алды­мен – экономика...» қағидасын ұс­тан­ған Президентіміз ұлттық эко­но­миканың сан саласын өркен­де­ту­мен бірге, мәдениетке, әлеуметтік салаға барынша қолдау білдірді. Өзім көп жыл еңбек сіңірген мәде­ниетке қатысты айтар болсам, «Мә­дени мұра» мемлекеттік бағдар­ла­масының іске асырылуы ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді биікке көтерген оң қадам болғаны даусыз. Осы бағдарлама аясында қаншама жау­һар дүниелерімізді жас ұрпақ­тың санасына сіңіре алдық! Бұл күндері Қазақстанды әлем елдері экономи­касы қуатты  мемлекет ретінде ғана емес, мәдениеті мен өне­рінің көк­жиегі кеңіген ел ретінде таниды. Және бір айтпауға болмайтын жәйт, біздің елімізде 130-дан астам ұлттың өкілі тұрады. Осын­шама ұлт өкілдері Қазақстан деген қара­ша­ңырақтың астында та­ту­лықтың, ынтымақ пен бірліктің үлгісін көр­сетіп келеді.  Тұңғыш Президентіміз әлемнің әр қиы­ры­на әр түрлі себептермен тарыдай шашылған бауырларымызды атамекен топыра­ғы­на шақырды. Өзге елде сұлтан болғаннан гөрі өз елінде ұлтан бо­луды көздеп оралған қандаста­ры­мыз­ға мемлекет тара­пы­нан қолдау көрсетті. Әлемдегі бірде-бір ел дәл Қазақстандай, дәл Нұрсұлтан Назарбаевтай тарихи Отанына аңсап жеткен қан­дастарына қолдауды да, көмекті де бере алған жоқ. Міне, осының бәрі – елінің бақуатты тұрмысы мен кемел келешегі, халқының намысы мен абыройы үшін емірене еңбек еткен Ердің – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерлікке пара-пар еңбегінің жемісі! Елін сүйген Ердің ерен еңбегі лайықты бағасын алуы тиіс. Осы тұрғыдан айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа ең лайықты марапат – «Халық  Қа­һарманы» атағы. Бейбіт өміріміздің кепілі бола алған Нұрсұлтан Назарбаевтың әркез Тәуелсіз елін биік белестерге бастай бергенін қалаймыз. Алар марапатыңыз құт­ты болсын, Тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі мерейін тасытып, абы­рой­ын көтерген Нұрсұлтан Әбішұлы! Нариман ҮЛКЕНБАЙҰЛЫ, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Атырау облысы.