Мүсіндік композиция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын Түркияда мерекелеу аясында 2011 жылы Анкарада ашылған Дина Нұрпейісова атындағы саябақта орнатылады. Сол жылы Түркияда атақты қазақ композиторы Дина Нұрпейісованың 150 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілген болатын.
- Қазақстанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында рухани және мәдени құндылықтарды сақтауға және молайтуға ерекше көңіл бөлінгенін атап өткім келеді, - деді Нұрлан Ноғаев. - «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында қазіргі таңда қазақ мәдениетінің үздік туындыларымен әлем жұртшылығын таныстыру үшін жағдайлар жасалуда. Бұл отандық шығармашылық зиялы қауым үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.
Қазақстан Елшілігінің, Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің, Түрік мәдениеті халықаралық ұйымының (ТЮРКСОЙ) және Анкара қаласы Этимесгут ауданы мэрінің ұйымдастыруымен 2011 жылы Дина Нұрпейісова атындағы саябақ ашылғанын естеріңізге саламыз. Бұл танымал күйшінің атындағы шетелде ашылған алғашқы саябақ.
Атақты қазақ композиторы Дина Нұрпейісова тек қазақ халқының емес, бүкіл түрік жұртшылығының ықыласы мен құрметіне бөленген түрік әлеміндегі алғашқы әйел болып табылады.
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті. Бұл жобаға Атырау облысының бизнес құрылымдарының өкілдері қолдау білдірді. Танымал қазақ композиторының ескерткішін орнатуға 15 млн теңге жұмсалатын болады.
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
Қаржы • Бүгін, 11:18
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент • Бүгін, 10:45
Түркістан облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 09:23
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16