03 Желтоқсан, 2011

Аға ұрпақ өкілдерінің тілегі

700 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жиырма жыл ішінде Президент Нұр­сұлтан Әбішұлы Назарбаевтың     бас­шылығы мен батырлығының арқа­сын­да еліміз қыл көпірден уақыттың ақ дауыл, қара дауыл кезеңінен аман-есен абыроймен өтті. Атом қаруынан бас тартып, оны адамзаттың игілігіне  ба­ғыш­тауға мұрындық болды. Бүкіл Жер шары елдері бала көңілді, дана пейілді қазақ деген ел бар, Қазақстан деген алып жер бар, Тәуелсіз мемлекет  бар екеніне көздері жете бастады. Кезінде Азия және Африка елдерімен ынтымақтастық комитетін басқар­ған кезімде шет елде болғанымда қазақ жерінен екенімді, қазақ қызы екенімді жеткізе алмай сан мұңаюшы едім. Біз­дің Ел басшымыз енді кәрі құрлық – Еу­ропаның құлдырауға айналған ұйы­мын­дағы 56 елден құралған ұйымның басын біріктіріп, Саммит өткізді. Бү­гін­де ислам елдерінің ұйымында да сындарлы істер атқаруда. Өз елімізде алып Астана өмірге келіп, инновациялық жаңалықтары жай­қа­ла түсуде. Жастарымыздың жүзі жар­қын, қарттарымыздың келешекке сенімі мол. Міне, осының бәрі-бәрі де жүгі ауыр кемені алып келе жатқан Нұре­кең­нің арқасында деп білеміз. Қаһа­р­ман­дық көрсету деген осындай-ақ болар.  Қаһармандыққа ие болатын адам осын­дай-ақ болар. Біздің үйдің отағасы Шапағат Әл­базар­ұлы Нұрекеңмен Министрлер Ке­ңесінде   бірге қызмет жасады.  Екі рет   ол кісінің қолынан орден алды.   Нұрекең   Орталық Комитеттің өнеркә­сіп жөніндегі хатшысы болғанда мен де Министрлер Кеңесі жанындағы Бас мұрағат басқармасының бастығы бо­лып қызмет атқарып, жақсы қарым-қа­тынаста болдық. Жиналыстарда, басқосуларда кездесіп тұрдық. «Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы туралы» Қа­зақ­стан Республикасының Конститу­ция­лық за­ңына және «Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік наградала­ры туралы» Қа­зақстан Республикасы­ның Заңына то­лықтырулар енгізіп, Нұрсұлтан Назар­баевқа айрықша ерекшелік белгісі – «Алтын Жұлдыз» бен «Отан» ордені тап­сырыла отырып, «Ха­лық Қаһарманы» ата­ғының берілуін   мен сияқты аналардың, аға ұрпақ өкілдерінің  тілегі деп біліңіздер. Бижамал РАМАЗАНОВА, мемлекет және қоғам қайраткері,  Алматы қалалық ардагерлер кеңесіндегі жастарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі комиссияның төрайымы.