03 Желтоқсан, 2011

БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ ДЕП БІЛІҢІЗ

446 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
«Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»  

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Биылғы жыл – ел тарихы үшін ең ең­се­лі жыл. Енді санаулы күндерден кейін бү­кіл қазақстандықтар Тәуелсіздіктің 20 жыл­дық мерекесін тойлайды. Еліміз өз тәуелсіздігін жариялаған 20 жыл ішінде ғасырларға бергісіз даму жо­лынан өт­ті. Ата Заңымыз қабылданып, ұлттық тең­ге­міз енгізілді. Тәуелсіздіктің қорғаны – Қарулы күш­тер құрылып, бар­лық көршілерімізбен мемлекеттік шека­ра­мыз берік шегенделді. Ұлтара­лық тату­лық пен діни келісімге негізделген сарабдал саясаттың арқасында көп­ұлт­ты қазақ­стандықтар арасында береке-бірлік орна­ды. Саяси, экономикалық және әлеу­мет­тік реформалар жүзеге асырылып, Қа­зақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы ойдағыдай орындалуда. Қар­жы реформасы жүргізіліп, ел да­муының кепілі – Ұлттық қор құрылды. Ғылым, білім, ден­сау­лық сақтау, мәдениет пен спорт саласында аса ірі жетістіктерге қол жеткізілді. Сіздің батыл да көреген шешіміңіздің арқасында елор­дамыз Ас­та­на­ға көшіріліп, қазақ даласы­ның төрінде елдің рухын асқақ­тат­қан бола­шақ­тың қаласы бой көтерді. Қа­зақ­станның ха­лық­ара­лық деңгейдегі беделі ар­тып, 2010 жылы еліміз Еуропадағы Қауіпсіздік және ын­ты­мақ­тас­тық ұйымына төрағалық жасап, тарихи маңызы зор Астана декларациясы қа­был­данды. Биыл да Қазақстанның Ислам Ын­тымақтастығы ұйы­мы мен түркітілдес ел­дер­дің Түрік кеңесіне төрағалығы табыспен жалғасуда. Тәуелсіздік жылдары ұлт мәдениеті айтар­лықтай өсіп-өркендеді. Астанада Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Өнер университетінің ғимараты, Орталық концерт залы салынып, жаңа Опера және балет теа­тры­ның құрылысы зор қарқынмен жүргізілуде. Ұлт мәде­ние­ті­нің тарихы мен жетістіктерін түген­де­ген «Мәдени мұра» ұлттық страте­гиялық жобасы жүзеге асуда. Соңғы 20 жыл ішінде 18 жаңа театр, 61 музей ашы­лып, шығармашыл жастар шет елдердің жетекші өнер ордалары мен оқу орындарында білім алуда. Елімізде 15 орыс театрымен бірге корей, ұйғыр, неміс және өзбек театрлары да жұмыс істеуде. Осының бәрі Сіз жүргізіп отырған татулық пен келісімге, жасампаздыққа негізделген сара да дана саясаттың арқасы. Еліміздің барша мәдениет қайрат­кер­лері аты­нан республика Үкіметі мен Пар­ламент Се­на­тының Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұң­ғыш Президенті – Ел­ба­сының «Халық Қа­һар­маны» атағын ие­лену туралы заң­на­маға то­лық­тырулар енгізу жөніндегі шешімін шын жүректен қолдайтынымызды білдіреміз. Бүкіл өмірін туған халқына қалтқысыз қызмет етуге арнап, Қазақстанды әлемдік сая­сат­тың биігіне көтерген Сіз – жоғары мәртебелі Елбасы – мұндай атаққа әбден лайық тұлғасыз. Ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дық торқалы тойы қарсаңында мұндай шешімді барша мәдениет қай­рат­керлерінің, бүкіл қазақстандық­тар­дың қызу қолдай­ты­ны­на кәміл сенеміз. Ермек СЕРКЕБАЕВ, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты; Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сый­лық­тардың лауреаты; Еркеғали РАХМАДИЕВ, КСРО халық әртісі, Еңбек Ері, Мемлекеттік сый­лық­тардың лауреаты; Шамғон ҚАЖЫ­ҒАЛИЕВ, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­ре­аты; Роза ЖАМАНОВА, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Асанәлі ӘШІМОВ, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты; Анатолий МОЛОДОВ, КСРО халық әртісі; Рамазан БАПОВ, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Әлібек ДІНІШЕВ, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты; Жәния ӘУБӘКІРОВА, Қа­зақстанның ха­лық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты; Айман МҰСАҚОЖАЕВА, Қазақ­станның халық әр­тісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты; Нұрлан ОРАЗАЛИН, Қазақстан Жазушылар одағы бас­қар­ма­сының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Балнұр ҚЫДЫР­БЕК, Қазақстан Композиторлар қауымдастығынын төрайы­мы; Тұңғышбай ЖА­МАН­ҚҰЛОВ, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Байтұрсын ӨМІРБЕКОВ, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері; Игорь ВОВНЯНКО, Қазақстан Кинематографистер одағының төрағасы, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сый­лық­тың лауреаты; Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ, Қазақ­стан Дизайнерлер одағы­ның төрағасы, Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері; Дүйсенбек НА­ҚЫ­ПОВ, Қазақстан Хореографтар одағы­ның төрағасы; Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, Президенттік мәде­ниет орталығының директоры, филология ғылым­дарының докторы, профессор; Юрий ПОМЕРАНЦЕВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты; Рубен АНДРИАСЯН, Қазақ­стан­ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты; Раушан БАЙСЕЙІТОВА, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Базарғали ЖАМАНБАЕВ, Қазақ­станның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Досхан ЖОЛЖАҚСЫНОВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Нұржұман ЫҚТЫМБАЕВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Сәбит ОРАЗБАЕВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сый­лық­тың лауреаты; Нұрғали НҮСІПЖАНОВ, Қазақ­станның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты; Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Роза РЫМБАЕВА, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Нұржамал ҮСЕН­БАЕВА, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сый­лық­тың лауреаты; Роза ӘШІРБЕКОВА, Қазақстанның халық әртісі; Лия НЭЛЬСКАЯ, Қазақстанның халық әртісі; Зәмзагүл ШӘРІПОВА, Қазақстанның халық әртісі; Есмұхан ОБАЕВ, Қа­зақ­станның халық әртісі; Хорлан ҚАЛИЛАМ­БЕ­КОВА, Қазақстанның халық әртісі; Ғафиз ЕСІМОВ, Қазақстанның халық әртісі; Курбанжан АБДРАСУЛОВ, Қазақстанның халық әртісі; Зенатгуль АКБАРОВА, Қазақстанның халық әртісі; Сұл­тан БАЙСҰЛТАНОВ, Қазақстанның халық әр­тісі; Сара ТЫНЫШТЫҒҰЛОВА, Қазақстан­ның халық әртісі; Талғат ТЕМЕНОВ, Қазақстан­ның халық әртісі; Тұяқ­берді ШӘМЕЛОВ, Қа­зақ­станның халық әртісі; Гүл­жамилә ҚАДЫР­БЕ­КО­ВА, Қазақстанның халық әртісі; Гаухар МЫРЗА­БЕКОВА, Қазақстанның халық әртісі; Гүлжан ТҰТҚЫБАЕВА, Қазақстанның халық әртісі; Әмен ХАЙДАР, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Юрий КАПУСТИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты; Гүлжамал ҚАЗАҚБАЕВА, Қа­зақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сый­лық­тың лауреаты; Владимир ТОЛОКОННИКОВ, Қазақ­стан­ның еңбек сіңір­ген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Майра МҰХАМЕДҚЫЗЫ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Ирина ЛЕБСАК, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Сатыбалды НАРЫМБЕТОВ, Қазақстанның еңбек сі­ңірген қайрат­кері, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты, Валерия КРЫМ­СКАЯ, Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі, Роза ЛИМ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Мұхтар ӨТЕУОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Виктор АШАНИН, Қазақ­станның еңбек сіңірген әртісі; Жалғасбек БЕГЕНДІКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Зоя КИМ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Болат ҚАЛЫМБЕТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әр­тісі; Жаннат ҚУАНЫШЕВА, Қазақстанның еңбек сі­ңірген әртісі; Александр МУН, Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі; Марат МҰСАБАЕВ, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген әртісі; Ғабит НЕСІПБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі; Ахметжан ҚАДЫРОВ, Қазақстанның ең­бек сіңірген қай­раткері; Төлеубек ӘЛПИЕВ, Қазақстан­ның еңбек сі­ңірген қайраткері; Қанат ТҰЯҚБАЕВ, Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері; Еркебұлан МҮСІРЕП, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­рат­кері; Сәулебек АСЫЛХАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері; Олег ЛИ, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­раткері; Әмір ҚАРАҚҰЛОВ, Қазақ­стан­ның еңбек сіңір­ген қайраткері; Ермек АМАНШАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері; Ермек ШЫНАРБАЕВ, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері; Берік ӘЛІБАЙ, Қа­зақ­станның еңбек сіңірген қайраткері; Ғалым АХМЕДИЯРОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.