03 Желтоқсан, 2011

Кеңестің кезекті отырысы

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2 желтоқсанда Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің Әкімші­лі­гі Басшысының орынбасары Т.Донақовтың төрағалығымен Қа­зақстан Республикасы Пре­зи­денті­нің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті оты­рысы болып өтті. Отырыста еліміздегі консти­ту­циялық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын және жол­дауларын іске асыру мәселесі қа­растырылды. Аталған мәселе бой­ынша Конституциялық Кеңестің ақпараты тыңдалды. Сонымен бірге, 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге ар­нал­ған құқықтық саясат тұжырым­да­ма­сын 2011 жылда  іске асыру жө­ніндегі жоспардың орындалуы бойынша жұмыс қорытындылары туралы Әділет министрлігінің есебі тыңдалды. Өткізілген Құқықтық саясат жө­ніндегі кеңес отырысының ұсынымдары Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнамасын және құқық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.