Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында республика Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен Көлік және коммуникациялар министрі Берік Камалиев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы облысында салынып жатқан көлік инфрақұрылымы нысандарының дайындығын тексерді.
Негізгі нысандарды іске қосу мен тұсаукесер рәсімі биылғы жылғы желтоқсанның 9-ында Индустриялық форум аясында өткізілетін болады.
Жобаның басы-қасында Қазақстан мен Қытай мемлекеттері басшыларының тұрғаны белгілі. 2006 жылғы желтоқсанның 20-сында Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Көлік және коммуникациялар министрлігі мен ҚХР Темір жол министрлігі арасында Қазақстан мен ҚХР арасындағы темір жолды Қорғас (ҚР) стансасы мен Хоргос (ҚХР) арқылы жалғастыру үшін құрылыс жұмыстарын жүргізу туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Бұл жол Қазақстанның көлік жүйесін дамытудағы республиканың транзиттік әлеуетін пайдалануда үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Құрылыс барысында бес мың жұмыс орны ашылды. Ол іске қосылғанда 2055 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Жол рекордтық қысқа мерзімде салынды. Магистральдің қазақстандық бөлігін салу 2009 жылғы тамыздың 3-інде басталған болатын. Осы мерзімде отандық мердігер ұйымдар 293 шақырым жол салды.
5 станса, 9 жол айрығы, 28 көпір, екі суағар іске қосылды. Оптикалық-талшықты байланыс желісі тартылды. Алтынкөл шекаралық стансасы мен жол айрықтарында қызметтік-техникалық ғимараттар тұрғызылды.
Қазіргі уақытта әлеуметтік нысандар – тұрғын үйлер, балабақшалар, мектеп, жатақханалар, медициналық орындар салынуда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесін дамыту тұжырымдамасы мен ҚТЖ базасында ықпалдасқан көліктік-логистикалық операторлық қызметі туралы баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатқан нысандардың дайындығын тексеру барысында «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының жаяу жүргіншілерге арналған өткелі түйісуі болды. Ол арқылы екі елдің азаматтары емін-еркін өтетін болады. Жолдың түйісу рәсіміне Қытай тарапынан ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан Дэцзянь қатысты.
2011 жыл ішінде «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының нысандары іске қосылды. Тәулігіне он мыңнан астам адамды өткізе алатын тексеру-өткізу бекеті салынды. 23 шақырымдық автожол, автокөпір, төрт туннель, басқа да шекаралық- кедендік инфрақұрылымға қажетті нысандар тұрғызылды. Орталық іске қосылғаннан бастап инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен туристік жобаларды жүзеге асыруға қолайлы ахуал жасалған.
Осында Алтынкөл стансасында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының ең ірі жобаларының бірі – 293 шақырымға созылатын Жетіген – Қорғас темір жол магистралінің тұсаукесер рәсімі өтті. Жетіген – Қорғас темір жол желісі құрылысының аяқталуы және «Қорғас» ХШЫО пайдалануға берілуі болашақта «Қорғас – Шығыс қақпасы» индустриялық-логистикалық хабының белгілі бір кезеңі болып табылмақшы. Ол сондай-ақ республиканың транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыратын, атап айтқанда, Қазақстанды Қытаймен және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланыстыратын жаңа халықаралық көлік дәлізіне айналады.
Көлік және коммуникациялар министрі Б.Камалиев республика аумағы бойынша транзиттік көліктердің өту жылдамдығын ұлғайту үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы әңгімеледі. Ол атап өткендей, ШЫҰ шеңберінде басты міндеті автомагистраль бойынша кедергісіз қозғалыс орнату үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатын Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансконтиненталдық дәліз бойынша үйлестіру кеңесі құрылатын болады.
Қызмет бабындағы тексеру барысында Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев көліктік инфрақұрылымның дайындығына жоғары баға берді.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Алматы облысы.
Суретті түсірген Ю.БЕККЕР

Қазақстан мұнай-газ саласындағы геологиялық барлауды жандандырады
Президент • Бүгін, 14:33
«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Өнер • Бүгін, 14:12
Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді
Ата заң • Бүгін, 13:57
Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты
Футбол • Бүгін, 13:20
Елде тіркелген SIM-карта халық санынан көп: Бір адамға бірнеше нөмір не үшін керек?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Кедендік баж төлеудің мерзімі мен тәртібі қандай?
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Инвестиция • Бүгін, 12:50
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Ата заң • Бүгін, 12:42
Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ
Ата заң • Бүгін, 12:35
Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?
Әдебиет • Бүгін, 12:32
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
Білім • Бүгін, 12:20