Аймақтар • 28 Сәуір, 2018

Өскеменде тасқын кезінде көмектескен азаматтар марапатталды

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде тасқын кезінде бей-жай қарамай, көмек қолын созған мекемелер мен жекелеген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өскеменде тасқын кезінде көмектескен азаматтар марапатталды

«Тізе қосып, бірлесе жұмыс істеуміздің арқасында табиғат апатына қарсы тұра алдық деп ойлаймын. Төтенше жағдай, «Өскемен тәртіп» мамандары мен әскери қызметкерлерден бөлек қарапайым қала тұрғындары да тасқын кезінде бейтарап қалған жоқ. Барлығына алғыс білдіреміз», - деді Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде. 

Шаһар басшысы Ахмер, Согра, Меневной ауылдарын су алған кезде жеделдік танытқан 5518 әскери бөлімінің жауынгерлеріне алғысын жеткізді. Сонымен қатар Қ.Тұмабаев тасқыннан зардап шеккен отбасыларға 10 тонна азық-түлік өнімдерін әкелген «Халифа Алтай» атындағы облыстық мешіт пен гуманитарлық көмек бекетін ашуға ұйытқы болған «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы қызметкерлеріне Алғыс хат тапсырды. 

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН