Технология • 30 Сәуір, 2018

Робот-техника – технология тірегі

75 реткөрсетілді

Бүгінгі таңда робот-техника ғылым мен техниканың ең үздік бағыттарының бірінен саналады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Саналы Азамат» жобасы аясында Жамбыл облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында жас өнерпаздардың бірегей экспонаттары қойылған робот-техника көрмесі өтті.

Аталған көрме оқу­шы­ларға ғылыми-техни­калық шығармашылықты насихаттау, жастар арасын­да ин­женерлік маман­дықт­ар­дың дәрежесін көтеру, жас өнертапқыштардың ро­бот техникасына қы­­зығушылығын арт­­­­­тыру мақсатында ұйым­­­­­­дастырылды. Көрмеге дарынды қыз және ер бала­ларға арналған маман­дан­дырылған «Білім-Инно­вация» мектеп-интернаттары, «Дарын» мектеп-интернаты, үш тілде оқытатын ма­мандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының, сондай-ақ Жамбыл экономика және ақпараттық тех­нология колледжі сту­денттерінің 15-тен астам робот-техника модельдері қойылып, келушілердің қы­зығушылығын тудырды.

Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетованың айтуынша, облыс көлемінде 30 пайыз мектепті робот-тех­никамен қамтамасыз ету жоспарланып, бұл мақ­сатқа 353 миллион тең­ге қарастырылып отыр екен. Сондай-ақ ал­дағы уақыт­тарда өңірде робот техникасымен жаб­дық­талған мектептерде «Робот-техника» үйір­месін ашу жоспарлануда. Жоспар жүзеге асқан жағдайда, ғылымға құштар оқушылар үйірме арқылы шығармашылық қабілетін дамытатын болады. Мектеп қабырғасынан-ақ робот-техника шеңберінде бағ­дарламалаудың жалпы негіздерін үйреніп, өзде­рінің инженерлік және ди­зайндық ойлау жүйесін қа­лып­тастырған оқушылар бо­лашақта отандық ғы­лымды дамытуға да айрық­ша үлес қоса алады.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар