Аймақтар • 01 Мамыр, 2018

Жамбылда балуандар бақ сынады

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласындағы «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Жамбыл облысының іріктеу жарысы өтті. 

Жамбылда балуандар бақ сынады

Аталған жарысқа Тараз қаласы мен облыс аудандарынан барлығы 19 спортшы қатысып, бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша абсолюттік салмақта Тараз қаласынан бірінші орынды Айбол Айтбек жеңіп алса, екінші орынды Талас ауданынан Айдос Теңгебаев иеленді. Сондай-ақ, үшінші орынды Жамбыл ауданынан Дәулет Пахрединов пен Меркі ауданынан Ғалымжан Қырықбаев еншіледі.

Осы жылдың шілде айында Астана қаласында өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Айбол Айтбек пен Айдос Теңгебаев қатысып, Жамбыл өңірінің намысын қорғайтын болады.

Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»