06 Желтоқсан, 2011

Маңызды міндет межесі

344 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Көкшетауда жер қаты­нас­тары және жерге орналастыру мәселелері жөнінде аймақтық жиналыс өтті. Жиында Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Отаров өңір­ара­лық жұмыс­тарға шолу баян жасаса, Жер ресурстарын басқару агент­тігінің Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік РМК бас ди­ректоры Ә.Бегманов ел Тә­уел­сіз­дігі талап­тарындағы ма­­ңызды міндеттерге қатысты ақпараттармен бөлісті. Жер қатынастары мем­леке­тіміздің басым бағыттағы сая­саты саналады. Бұл тұр­ғыда атқарылған абыройлы істер аз емес. Әйткенмен, Қа­зақстан­ның үдемелі даму үр­дістері атал­ған мәсе­ле­нің бас­ты назарда ұсталып, жетілдіре тү­суді талап ететіні белгілі. Осы жайлы РМК құқықтық қам­тамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқарма­сы­ның  бас­тығы Н.Салыбеков, Ақ­мола облыс­тық жер қаты­настары басқар­масының бас­тығы Е.Ахметов, Ақмола, Қа­ра­ған­ды об­лыстары және Астана қаласы бой­ынша өңір­аралық жер инс­пекциясы бас­тығының орын­басары А.Қадыр­әли­на, Ақ­мола облысы бойынша са­лық де­партамен­тінің бастығы Д.Нұрмолдин, облыстық сәулет және қала құрылысы бас­қар­масының бас­тығы В.Фельбелт өз ойла­рын ортаға салды. Бүгінгі күні Ақмола облы­сының ау­мағынан өтетін «Ба­тыс Сібір-Орталық» газ құбы­ры­ның құрылысына техни­ка­лық-экономикалық тұрғыдан кө­мек көрсету аясында Астана, Петропавл, Қарағанды қа­лала­рын қамтитын магис­трал­ды газ желісінің жұмыс жос­пары келісілді. Бұған қоса «Көкшетау-Пет­ропавл» ав­то­көлік жолын аяқтау, Астана қа­ласының жа­сыл желек ай­мағын кеңейту, «Бурабай», «Бұй­ратау» мемлекеттік ұлт­тық табиғат парктері мен «Қор­ғал­жын» мемлекеттік қоры­ғы­ның қорғаныс аумағын және жер пайдалану шекара­ла­рын белгілеу мәселелері тал­қы­ланып, жұмыс сапасын артты­руға қа­тыс­ты тапсырмалар берілді. Ә.Бегманов Ақмола об­лыс­­тық мемлекеттік жерге орна­ластыру институ­тының дирек­торы Қ.Рысқұловқа жа­ңа қыз­метінде табыс тіледі. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.