Аймақтар • 03 Мамыр, 2018

Қарағандыда «МБ Үздік педагог-2018» облыстық кәсіби байқауының финалы өтті

406 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Таяуда Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік базасы негізінде «МБ Үздік педагог-2018» облыстық кәсіби байқауының финалы өтті. Конкурс мақсаты облыстағы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық тәжірибені анықтап және оны жинақтау болды.

Қарағандыда «МБ Үздік педагог-2018» облыстық кәсіби байқауының финалы өтті

Байқау барысында облыс педагогтары мектеп жасына дейінгі педагог мамандығының мәртебесін көтеру, облыс педагогтарының шығармашылық қызметін жандандыру, педагогикалық ұжымдарда шығармашылық қарым-қатынастағы ахуалды қа­лыптастыру, таланттарды, шығармашылықпен жұ­мыс істейтін педагогтарды табу, олардың тәжіри­белерін жинақтау және насихаттау сынды тапсырма­лар бойынша сынға түсті.

Конкурстың сырттай өткен алғашқы турына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 26 үздік педагог қатысты. Олардың арасында 16 тәр­­биеші, 4 педагог-психолог, 2 дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы және 4 музыкалық жетекші болды.

Бәйгенің екінші кезеңіндегі сын бір тақырыпқа біріктірілген екі шарадан тұрды (тұсаукесер рәсімі, шеберлік сабағы). Барлық педагогтар өздерінің шебер­ліктерін, жұмыс тәжірибесін, шешендік қабі­леттерін, әріптестерімен қарым-қатынастағы тіл тап­қыш мінездерін көрсетіп, шеберлік сабақтарын өт­кізді.

Қазылар мүшесі конкурсанттардың әдіс­темелік және қатысымдық біліктілігін, жеке бас қасиеттерін, эрудицияларын ерекше атап өтті. Қорытынды шығарарда қазылар алқасы үміткерлердің ой тереңдігіне, ерекше баяндау шеберліктеріне және кәсібиліктеріне баса мән берді.

Байқаудың аты – байқау, әр конкурстың көш­бас­таушылары болады.

«Ең үздік тәрбиеші-2018» аталымы:

1-орын – Оксана Владимировна Цхай, «Балғын» сәбилер балабақшасы, Саран қаласы;

2-орын – Инна Васильевна Ключник, «Бөбек» балабақшасы, Абай ауданы;

2-орын – Юлия Анатольевна Габайдуллина, «Қарлығаш» сәбилер балабақшасы, Шахтинск қа­ласы;

2-орын – Светлана Александровна Данибекова, «Березка» сәбилер балабақшасы, Шахтинск қала­сы;

3-орын – Светлана Викторовна Житинева, «Сне­гурочка» сәбилер балабақшасы, Шахтинск қаласы;

3-орын – Гүлжазира Мамайқызы Шоқубаева, «Балбөбек» сәбилер балабақшасы, Абай ауданы;

3-орын – Рауан Ерланқызы Ержанова, «Балдыр­ған» балабақшасы, Ақтоғай ауданы.

«Ең үздік педагог-психолог-2018» аталымы:

1-орын – Татьяна Анатольевна Максяткина, «Сне­гурочка» сәбилер балабақшасы, Шахтинск қаласы;

2-орын – Ольга Александровна Ким, «Березка» сәбилер балабақшасы, Шахтинск қаласы;

3-орын – Танзиля Муллануровна Акбашева, «Салтанат» сәбилер балабақшасы, Шахтинск қаласы.

«Ең үздік дене тәрбиесі нұсқаушысы-2018», «Ең үздік музыкалық жетекші-2018» аталымдары:

1-орын – Диана Витальевна Кузнецова, «Балбөбек» сәбилер бала бақшасы, Абай ауданы;

2-орын – Ирина Петровна Байдарова, «Коло­кольчик» сәбилер балабақшасы, Саран қаласы;

2-орын – Татьяна Владимировна Мозер, «Ал­магүл» балабақшасы, Қарағанды қаласы;

3-орын – Алена Сергеевна Чернова, «Салтанат» сәби­лер балабақшасы. Шахтинск қаласы.

«МБ Ең үздік педагог-2018» конкурсы финалына қатысушылардың  барлығына сертификаттар табыс етілді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ