06 Желтоқсан, 2011

Сенат бюросының отырысы өтті

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты бюросының отырысында республика Үкіметінен келіп түскен және Парламент Мәжілісінің аппаратынан сұра­ты­п алынған заң жобалары комитеттер мен Сенат аппаратына бе­рілді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Бюро отырысында Сенаттың биылғы 7 желтоқсанда болатын кезекті отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар да қаралды. Атап айтқанда, «Қазақстан Рес­пуб­ликасы мемлекеттік тәуелсіз­ді­гінің жиырма жылдығына бай­ланысты рақымшылық жасау ту­ра­лы», «Газ және газбен жаб­дық­тау туралы», «Мемлекеттік құ­қық­тық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңына өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы», «Кей­бір халықаралық ұйым­дар­дың жарғылық құжат­та­рын бекіту туралы» Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заңына өзгеріс пен толық­ты­ру енгізу туралы», «Қар­жы­лан­ды­ру туралы негіздемелік келісімді (ҚАЗ: ОАӨЭЫ 2 көлік дәлізі (Маң­ғыстау облы­сы­ның учаскелері) инвестициялық бағдар­ла­масы) ратификациялау ту­ралы», «Қазақ­стан Республи­ка­сы мен Халық­ара­лық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қа­рыз тура­лы келісімді) ҚАЗСТАТ: Ұлттық статистика жүйесін нығайту жө­нін­дегі жоба) ратификациялау ту­ра­лы» заң жобалары қаралатын болды. Депутаттардың талқысына «Қа­зақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәсе­ле­лері бой­ынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» және екінші оқылымда «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне адвокатура мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары да ұсынылады.