Президент • 04 Мамыр, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинмен кездеседі

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маусым айында Қазақстан мен Қытай басшылары кездеседі. Бұл туралы бүгін Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьxуэй мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинмен кездеседі

"Биыл біз бірқатар маңызды оқиғаларға куә боламыз. Меніңше, ең басты оқиға, ол - екі президентіміздің Қытайдағы кездесуі. Аталған кездесу маусым айында болады. Бұдан бөлек, Қазақстан басшылығының басқа да өкілдерін күтіп отырмыз. Олардың ішінде Премьер-Минитср Бақытжан Сағынтаев мырза, оның орынбасары Асқар Мамин да бар. Бұның барлығы Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз қарым-қатынастың жоғары дәрежеде екенін көрсетсе керек", - деді Ч.Ханьxуэй.

Елшінің айтуынша, екі елдің "Бір жол, бір белдеу" бастамасы аясындағы ынтымақтастығы, сондай-ақ, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын аталған бастамамен шебер үндестіре білудің арқасында біраз жетістіктерге жетуге болады.

"Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы осы екі елге ғана емес, жалпы аймақтағы өзара әріптестік пен қауіпсіздіктің дамуына оң ықпалын тигізе алады. Халықтардың әл-ауқаты артады", - деп атап көрсетті Ч.Ханьxуэй.