07 Желтоқсан, 2011

Тәуелсіздікпен құрдас мектеп ұйымдастырған тағылымды шара

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтқандай, бүгінгі ұстаздар үнемі өз білімдерін жетілдіріп отыруға, жаңа технологияларды игеруге мін­детті. Өйткені, заман тала­бы­на сай, бәсекеге қабілетті оқушы­лар тәрбиелеп шығару тек кәсіби білігі жоғары ұстаздар қолынан ғана келетін іс екені хақ. Бүгінгі күні ғылым мен білімге қойылар талап артып, ұстазға жүк­телер міндет еселенуде. Сон­дық­тан ұстаздар қауымының да қарап қалар реті жоқ. Соның ай­қын дә­ле­лелі – ұстаздардың ұс­та­зы Ұл­жалғас Есназарованың ең­бе­гі. Ол – Қазақстанның еңбек сі­ңір­ген қай­­рат­кері, педагогика ғы­лым­да­ры­­­­­ның докторы, профессор, Гео­гра­фиялық атаулы мектеп жетекшісі. Бүгінде атаулы мектеп 20 жыл­дық белестен аттады. Бұл мерейтой еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осы жылдар ішінде мектептің ұйымдастыруымен көптеген семинарлар өтіп, еліміздің табиғаты тамаша жерлеріне саяхат жаса­лып, оқушыларға арналған онда­ған кітаптар жарық көрді. Осыдан шамалы уақыт бұрын «Туған жер географиясы және мектептегі өл­кетану жұмысын ұйымдасты­ру­дың ғылыми негіздері» тақыры­бын­да Маңғыстау облысының ор­та­лығы – Ақтау қаласындағы Маңғыстау білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арт­тыру институтында республика­лық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар атаулы мектептің жетекшілігімен жүзеге асты. Өңір­дің табиғаты ерекше жерлеріне саяхат жасалып, жер бетінен 132 метр төмен жатқан Қарақия ойысында болудың сәті түсті. Осы жолғы семинарға респуб­ликамыздың түкпір-түкпірінен атау­лы мектеп мүшелері, жалпы саны 40 ұстаз қатысты. Қала­мыз­дағы 100 жылдық тарихы бар Жамбыл Жабаев атындағы №4 мек­теп-гимназиясының дирек­то­ры Базаркүл Сыздықова да Ақтау­ға Астанадан арнайы барған бір топ ұстаздың қатарын толық­тыр­ды. Ал ұстаздар семинар бары­сын­да әріптестерімен өз іс-тәжі­ри­белерін бөлісті. Жалпы, Ақтауда өткен семи­нар­дың үйретері көп, берер тағы­лымы мол болды. Республикалық ғылыми-әдістемелік жұмыстар мәнділігімен есте қалды. Жансұлу БАЗАРБАЕВА, №4 мектеп-гимназияның география пәнінен жоғары санатты мұғалімі. Астана.