Аймақтар • 05 Мамыр, 2018

Қызылорда арбатында қызық көп

744 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында Өнер арбаты ашылды. Таңертең басталған сүргін кешке дейін созылып, төсекке болдырып барып құлайтын қаланың ию-қию тір­лігінде арбаттардың жөні бөлек.

Қызылорда арбатында қызық көп

Қолы бос адамдардың әрілі-берілі көлік сапырылысқан көшелерден алыс ма­­мыр­ажай алаңда емін-еркін сейілдеп, он­­дағы көрсетіліп жатқан қыз­мет­тер­ден рухани азық алып, байып қай­та­тын ар­баттар әлемнің барлық ірі қала­ла­рында бар.

Енді олардың қатарына Қызылорда қаласы да қосылды. Мұнда жергілікті қолөнершілер, суретшілер және халық шығармашылығы өкілдері өз туындыларымен жұртты қуантады.

Өнер арбаты облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда қала­сы­ның 200 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

– Өнер арбаты кәсіби және әуесқой сурет­шілердің, қолөнер шеберлерінің шығар­машылықпен айналысуына қолай­лы жағдай жасайды. Туындыларын жар­намалауға мүмкіндік береді. Айта кетер­лігі, бұл орын халықтың рухани де­малатын қоғамдық-мәдени мекеніне айналады деген сенім зор. Оған қоса өнер адамдары шеберлік дәрісін өткізе алады. Сонымен қатар қала қонақтарын Сыр өңірінің өнері мен мәдениетімен таныстыратын арнайы орын болады. Қысқасы, бұл жер суретшілер, қолөнершілер және шеберлердің шабыт алатын орнына айналады, – дейді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова.

Шиелі ауданынан келген қолөнер шебері Зылиқа Қалендер:  – Мен ши тоқу ісімен айналысып келемін. Алғашқыда сурет салатынмын. Ши тоқумен он алты жылдан бері шұғылданамын. Қызылорда қаласында Өнер арбатының ашылып жатқанына қуаныштымын. Бұрын мұндай орындарды Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург, еліміздің Астана және Алматы қалаларында бар екенін білетін едік. Облыс басшылығының қолдауымен тұсауын кесіп жатқан бұл орынның жергілікті жұртқа берері көп, – дейді.

Бүгінде арбатта облыстың қала, аудан­дағы қолынан өнер тамған зер­гер­лердің бұйымдары қойылған. Енді мұн­да Сыр сүлейлерінің, ақын-жа­зу­шылардың шығармашылығы насихат­талып, мазмұнды жүздесулер болып тұрады.

Халықты береке-бірлікке, татулыққа үндейтін аймақта балдырғандар үшін де қызық көп. Облыс үшін ма­ңыз­ды шараға келген олар «Бе­сік тер­беткен ана» бейнесіндегі архи­тек­ту­ра­лық белгі маңына өздерінің алғаш­қы көшеттерін отырғызды.

Ашық аспан астындағы мәдени орын қала жұртшылығы мен меймандарының та­ғы бір рухани орталығына айна­ла­тын­ды­ғы сөзсіз.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы