Шартты ұрысқа 3 мыңнан астам сарба мен сардар, 300-ден аса әскери техника және 40 шақты әуе көлігі жұмылдырылады.
Осы жолы алғаш рет аймақтық қорғаныс бөлімшелеріне Жауынгерлік ту тапсырылады. Байрақты қабылдайтындар – облыс әкімдері, Астана мен Алматы қалаларының басшылары.
1992 жылы 7 мамырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 2012 жылы Үкімет 7 мамырды мемлекеттік мереке – Отан қорғаушы күні ретінде белгіледі. Осылайша, жалпыұлттық мерекеге айналған 7 мамыр – айбынды әскердің айтулы күні ретінде жыл сайын аталып өтіп келеді.