Қазақстан • 07 Мамыр, 2018

Жамбыл облысында Жауынгерлік парад өтті (ФОТО)

452 реткөрсетілді

Бүгінгі таңда Қазақстан әскерінің әлеуеті әлемге әйгілі. Қазақстан армиясының қуаты бүгінде әрбір қазақстандық азаматтың мақтаныш сезімін оятып, зор жауапкершілік жүктейді. Егемен еліміздің ерекшелік белгісі қорғаныс саласы қарқын алып, әскери қызметшілерге мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Азаттықтың ақ таңын арман еткен бабалар аманаты ұрпақ санасынан берік орын алды.

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай бүгін «Отар» 40-шы әскери базасында Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жауынгерлік парад өтті. Жауынгерлік парад  –  бұл әскери парадтың жауынгерлік оқу-жаттығулар және жауынгерлік даярлық элементтерімен үйлесуі. Еліміз үшін айрықша маңызы бар Жауынгерлік парадқа қатысқан Нұрсұлтан Әбішұлы барша қазақстандықтарды 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін ерекше маңызды екенін айтты.

– Қымбатты қазақстандықтар, сардарлар мен сарбаздар! Қадірлі ардагерлер! Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Баһадүр бабалар Ұлы даламызды ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат етіп қалдырды. «Ұранды елдің ұрпағы айбарлы келеді» деген дана халқымыз. Бүгінгі айбынды армиямыз үшін елдің тыныштығын сақтап, Тәуелсіздіктің қорғаны болу мәртебелі зор міндет. Жаужүрек жауынгерлердің көтеретін жүгі ауыр. Бірақ ол абыройлы борыш, қастерлі парыз. Қарулы Күштеріміз халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны, – деді Елбасы.

Сонымен қатар, бұл Жауынгерлік парад қазақстандық армияның кәсіби ептілігін, жинақылығы мен есептоптардың әскери мүмкіндіктерін тәжірибеде көрсетіп, еліміздің әскери әлеуетін жаһанға әйгіледі. Жауынгерлік парадқа 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірлік қару-жарақ пен әскери техника және 40 бірлік ұшу аппараты қатысты.

Жауынгерлік парад екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан аймақтық қорғаныс бригадалары Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдеріне жауынгерлік Туды табыс етті. Туды табыс ету рәсімінен соң дәстүр бойынша көрермендер парадтың салтанатты шеруін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық гвардиясының, сондай-ақ аймақтық қорғаныс әскери қызметшілерінің және парадтың 19 жаяу есептобының шеруін тамашалады.

Парадтың екінші бөлімінде заманауи қару жарақ пен әскери техниканы ұрыста қолдана отырып, барлау әскери бөлімшелерінің шынайы тактикалық іс қимылы көрсетілді. Жауынгерлік парадтың соңында ұшқыштар тобы жоғары деңгейде «Жетісу барысы» жоғары пилотажды орындады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев парадқа қатысушыларға далалық жағдайда көрсеткен шеберлігі, атыс пен әскери ептіліктегі дәлдігі үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар, ел азаматтары Қазақстан Республикасы армиясының жауынгерлік қуатын, әскери қызметшілердің кәсіби жұмысы мен бөлімшелердің түрлі іс-қимылдағы жинақылығын республикалық телеарналар мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтының тікелей эфирі арқылы тамашалады.

Хамит ЕСАМАН

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы, 

Қордай ауданы

Суреттер Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен алынды

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Кеше

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Арыс балалары Бөбекте демалады

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • 19 Шілде, 2019

Полицей сәбиді құтқарып қалды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Әкімдерге бағаны халық беруі керек

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар