– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр уақытта Қазақстан халқының дене шынықтырып, спортпен айналысуына ерекше көңіл бөледі. Ал осындай облыс көлемінде ұйымдастырылған іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттауға және халық арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.Еліміздің туын биікке көтеріп, әлемге паш етіп танытқан қазақтың батыр ұлдарымен бірге таңғы жаттығу жасау біздер үшін үлкен бақыт. Бүгін арамызда таңғы жаттығу жасауға қатысып отырған жас спортшыларымызға Чемпиондардың жолын берсін, – деді шара барысында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Таңғы жаттығудан кейін облыс тұрғындары мен қонақтары шағын марафонға қатысып, арқан тарту, қол күресі бойынша жарыстарға қатысты. Сондай-ақ, қыздарға арналған би мен спорттық бағдарлама ұйымдастырылды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы