Еліміздің Оңтүстік қақпасы Шымкент горнизонына қарасты 10 әскери құрылымдық бөлім Оңтүстік шекараның тұтастығы мен тыныштығын сақтауда қызмет етуде. Сондай-ақ, оңтүстік өңірде әскерге сұранатын жастардың қатары өте көп.
Биылғы көктемгі мерзімде 2 мыңға жуық азамат әскерге аттанады. Бұл еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда 2-3 есеге дейін артық. ОҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Т.Әліқұловтың мәлімдеуінше, қазірдің өзінде ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 500-ге жуық, Мемлекеттік Күзет қызметіне 26 азамат жөнелтілген. Жалпы ҚР Қарулы Күштеріне 700-ге жуық, Ұлттық Ұланға 1000-ға тарта әскерге шақырылушы жөнелтілмек.
Мерекелік іс-шара соңында жиналғандар «Отар» әскери базасында өткен салтанатты шеруді тікелей эфирден тамашалады.
Еркін ДОСЫМБАЙ,
Оңтүстік Қазақстан облысы