«Сирия Араб Республикасының шығыс аудандарында жоспарлы ұшу тапсырмасын орындау кезінде ресейлік Ка-52 тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан екі ұшқыш опат болды», - делінген министрліктің хабарламасында.
Сондай-ақ, іздеу-құтқару тобы екі ұшқыштың мәйітін базалық әуежайға жеткізгенін мәлім етті.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін.