Аймақтар • 08 Мамыр, 2018

Семейде «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы «Вена балын» өткізді

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вена балы соғыста қайтқан сарбаздарға және  ардагерлеріне арналған іс-шарада өтті.

Семейде «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы «Вена балын» өткізді

Фото: автор

Бұл шараның мақсаты - жастардың Отанға деген патриоттық сезімін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету үшін сұлу әрі салтанатты болып киініп келген қазіргі заман жастары салтанатты түрде топ құра би биледі.

Салтанатты жиынға Қазақстанның Шығыс өңіріндегі  әскери бөлімдер мен құрылымдардың өкілдері, әскер ардагерлері мен офицерлері шақырылды. Семей қаласының тұрғындарын Ұлы Жеңістің 73 жылдығы және Отан қорғаушылар күнімен құттықтаған қала әкімі Ермак Сәлімов ардагерлерімізге ұзақ өмір, ал жастарға ынтымақ пен бірлік тіледі. 

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

Семей

Соңғы жаңалықтар