Қазақстан • 11 Мамыр, 2018

Астанада жаңа мешіт ашылды

2187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 750 адамға арналған экомешіт ашылды. 

Астанада жаңа мешіт ашылды

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Ырыскелді қажы мешітінің ашылау салтанатында сөз сөйлеген Дін істер және азаматтық қоғам минситрі Дархан Кәлетаев қалаға культты нысандардың қажет екенін айта келе, жаңа мешіттің стилі ерекше екенін атап өтті. "Жаңа мешіттің ең басты ерекшелігі - жасыл технология. Мешіт күн сәулесі арқылы жұмыс істейді, өзін-өзі жарықпен қамтып, қалаға да электроэнергиясын бере алады. Ол өзін-өзі толықтай қамтамасыз етеді", - деді министр. Оның айтуынша, мешіт дизайны дін қағидаларын бұзбайды. Заманауи стильде салынған мешіт ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендіріліп, озық үлгідегі құралдармен жабдықталған.

Айта кету керек, Қазақстанда 2600 мешіт бар, ал жаңа мешіт Астанада тоғызыншысы. Мешіт күмбезінің диаметрі - 26 метр. Мешіт ғимаратының жалпы алаңы 2248 шаршы метр. Мешіт орналасқан жердің көлемі - 1,44 гектар. Мешіт ауласына жылу-жарық көзін пайдалану мақсатында күннен энергия алатын қондырғылар орнатылған. Бұл қондырғылар мешіттің жылу-жарығына пайдаланатын мөлшерден үш есе көп қосымша энергия қуатын өндіреді.