12 Мамыр, 2018

Астанада шағын футболдан «ELORDA-2018» турнирі өтеді

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының 20 жылдығы мен «Шелл» компаниясының Қазақстандағы 25 жылдығына арналған шағын футболдан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және мұнай-газ саласы мамандары арасында «ELORDA-2018» турнирі өтеді.

Астанада шағын футболдан «ELORDA-2018» турнирі өтеді

Турнир «Шелл Қазақстан» компаниясы мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Жарыс 2018 жылдың 9 маусымында «Астана Арена» стадионында өтеді.

«ELORDA-2018» турнирі БАҚ өкілдері мен мұнай-газ саласы мамандары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Турнир – қайырымдылық іс-шарасы. Мұнай-газ саласының өкілдері жарысқа қатысу үшін жарна қосады. Мұнай-газ компанияларынан жиналған қаражат 2019 жылы наурызда БАӘ-де өтетін Дүниежүзілік Жазғы Олимпиада ойындарына мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерден құралған шағын футболдан Қазақстанның жастар құрамасының дайындығы үшін «Спешиал Олимпикс Қазақстан» ұйымына аударылады.

БАҚ өкілдері мен мұнай-газ саласы мамандары арасындағы бәсекені «Elorda Aqparat» медиакомпаниясы ұйымдастырып отыр.