Қазақстан • 13 Мамыр, 2018

Еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жауады

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, яғни 13 мамыр күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның шығыс бөлігінде найзағайлы жауын-шашынды, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты нөсер жауады, батыс бөлігінде күн райы ашық болады деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жауады

Сондай-ақ, республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел күші 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, тұман түсуі ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел жылдамдығы 15-20 м/с, түнде және таңертен тұман, бұршақ жаууы мүмкін.