Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын,

Мұсылман болып туғанға.

Ислам дінін қуғанға...»

деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Егемен Қазақстан
16.05.2018 2083

Рамазан айының басқа айлардан айрық­шалануына негізгі себеп – мұнда мұсыл­ман баласының маңдайына жазылған бес парыздың бірі – ораза құлшылығы бар. Бұл құлшылықты көптеген дін ғалымдары «Алла мен адам арасындағы сыр» дейді. Өйткені данышпан Абай атамыздың «Махаб­бат­пен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәттi» дегеніндей, ұлы құдіреттің мейірім-шапағатымен жаратылған адам Иесіне қарыздар. Сол қарызын тек құл­шылығы арқылы өтейді. Бұл туралы қа­сиетті кітаптың «Зарият» сүресі, 56-шы аятында: «Жын мен адамды өзіме құлшылық ету үшін жараттым» дейтін ашық дұға да бар.

Сол құлшылықтың бірі әрі аса маңыздысы – ораза. Бұл туралы Алла Тағала: «Ей, иман ет­кендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етіл­г­ендей ораза парыз етілді» деп бұйырған. Атақты тақуа имам Насаий «Рамазан мүбәрак ай. Ол айда Алла сендерге ораза ұстауды парыз етті және ол айда мың айдан қайырлы түн бар» деген қадірлі пайғамбарымыздың өсиет-хади­сін жеткізсе, ислам әлемінің төртінші халифа­сы Әли Әбутәліп: «Маған бұл дүниеде екі нәрсе сүйкімді көрінді: қонаққа қызмет көрсету және ыстық күндері ораза ұстау» деген екен.

Күллі мұсылмандар арасында рамазан айының мұншалықты маңызға ие болуына басты себеп – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с): «Рамазан айында жақсы іс жасаған адамға Алла басқа айларда жасағаннан жетпіс есе көп сауап жазады» деген хадисі. Бұл өсиет-хадис жақсылықтан үмітті мүминдердің ора­за­ға деген ынта-ықыласын оятса, тақуалар үшін бұл ай нәпсі тізгіндеудің кемел амалы деп біледі.

Өйткені нәпсі барлық күнәнің көзі. Бірде пайғамбарымыз Мұхаммед сенімді нөкер­ле­рімен бірге жорықтан келе жатып: «Біз бұдан былай кіші жорықтан үлкен шай­қасқа ораламыз» дейді. Нөкерлері: «Ей, расул, ол қай шайқас?» дегенде Алла елшісі: «Ол өз бойымыздағы нәпсімен күрес» деп жауап берген екен. Демек мұсылманның өз нәп­сісімен күресі ең үлкен шайқас екен де, бұн­дай маңызды майданда адамға қару болатын дүние – ораза.

Табиғиндер дәуірінде өмір сүрген ислам­ның үлкен пірадары Хасан Басри бабамыз «нәпсінің тізгіні – ашығу» деген пәтуалы сөзін айта отырып, қасиетті оразаның төмендегідей төрт нығметін жіктеп-жіліктеп түсіндірген екен. Соны тарқатып айтар болсақ, оразаның бірінші нығметі – тәубе ету. Яғни бұл адам баласының тәубесі мен тәуекелі қабыл болатын ай. Тәубесі қабыл болған жанның сыйлығы қиямет-мақшарда пайғамбарлармен бірге бір сапта тұрады.

Екінші нығметі – кешірім айы. Бұл айда Аллаға өте көп истағыфир (кешірім сұрау, жарылқану тілеу) жасаған дұрыс. Алла шынайы ықыласпен кешірім өтініп, жарылқану тілеген құлының мал-мүлкін көбейтеді, оны көлденең пәле-жаладан сақтайды. Алла жарылқау тілеген қауымға рахым етеді. Олардың несібесін молайтады, ұрпағын көп қылады және қуатты қауымға (мемлекетке) айналдырады.

Үшінші нығметі – күнәдан тыйылу айы. Құранда мұсылман адам үшін Алла өзі үкім еткен тыйымдар бар. Әлбетте Раббымыз өзіне бойұсынушыларды харам дүниеден тыйды. Ал оразада адамдар (мұсылмандар) харамды былай қойып, халалдың өзінен тыйылады. Яғни ораза тұтуға байланысты адам күнделікті қолданып жүрген халал астан тыйы-
лады. Бұның тәрбиелік мәні зор. Халалдан тыйылып үйренген адамға ертең харамнан тыйылу оңай болады.

Төртінші нығметі – иманды күшейту. Мысалы, дені сау, ақшасы бар, қарны тоқ адамда нәпсі қуаты да күшті болады. Басына қиындық туып, (денсаулығына, дүниесіне, бала-шағасына қатысты) қатты қиналған адамның нәпсісі азайып, иманы оянады. Сол сияқты ораза тұтқан адам да шөлдеу арқылы тоқшылық нәпсісін тізгіндейді.

Осы орайда, тағы бір есте болатын дүние – рамазан айында ауыз оразасымен қатар көз бен құлаққа да «ораза» қажет. Яғни ораза ұстаған адам жаман сөз айтудан, естуден, ұрыс-керістен аулақ жүргені абзал. Өйткені атақты сахаба Әбу Һурайра жеткізген мына бір хадисте: «Кім жалған сөйлеуді, жалған амал қылуды қоймаса, оның тамақ пен сусын ішпей жүруі Аллаға қажет емес» деген пайғамбарымыз өсиеті есте болғаны жөн.

Дана Абай атамыз 13-ші қара сөзінде «иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек» дегеніндей, оразаға берік болуды нәсіп етсін баршаларыңызға!

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.05.2018

Самал Еслямова: Туған еліңнің ықыласын сезіну – нағыз бақыт

22.05.2018

Сыр өңірінің әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан игі істерді таныстырды

22.05.2018

Үкімет отырысында көтерілген мәселелерге шолу

22.05.2018

Полиция сержанты бір отбасын өрттен құтқарып қалды

22.05.2018

Сенаторлар суармалы жерлерді пайдалануды тәртіпке келтіруге шақырды

22.05.2018

Елордалық шығармашылық топ Атырауға жетті

22.05.2018

Курчатовтағы Ұлттық Ядролық Орталықта жас ғалымдар мен мамандардың ғылыми конференциясы өтті

22.05.2018

Семейдегі орманның өртенуі адам қолымен жасалған іс болуы мүмкін

22.05.2018

Солтүстік Қазақстан диқандары тұқым себуді жалғастыруда

22.05.2018

Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің 3D картасы әзірленеді

22.05.2018

Солтүстік Қазақстанда жазғы ат жарысы маусымы ашылды

22.05.2018

Атырауда лифтіде жасөспірімдердің қаза табуына байланысты тергеу жүргізіледі

22.05.2018

Үкімет басшысы табиғатты қорғау және орман мекемелерінің өртке қарсы техникасын арттыруды тапсырды

22.05.2018

Елордада табиғат апатынан 13 адам жарақат алды

22.05.2018

Биыл ҰБТ-ға қандай өзгерістер енгізілді?

22.05.2018

Мемлекет басшысы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қабылдады

22.05.2018

Астанада дауылдың салдарынан Бейбітшілік және келісім сарайына зақым келді (видео)

22.05.2018

Павлодар облысында 765 жазғы лагерь ашылады

22.05.2018

Назарбаев мектебі журналистер арасында конкурс жариялады

22.05.2018

Семейдегі Қызылкардонда орман өрті бәсеңсіді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу