Қазақстан • 16 Мамыр, 2018

Мемлекеттік реформалар туралы халыққа тиімді ақпарат таратуға жол ашылды – Дәурен Абаев

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2017 жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы халыққа есеп беру кездесуі өтіп жатыр.

Мемлекеттік реформалар туралы халыққа тиімді ақпарат таратуға жол ашылды – Дәурен Абаев

Министр Дәурен Абаев мұндай есептік кездесулердің халық пен мемлекеттік органдардың арасындағы ашық алаңға айналғанын атап өтті. Ақпарат саласы бойынша Министрліктің мемлекеттік сектордың ақпараттық жұмыс сапасын арттыру бойынша атқарылған бірнеше жұмыстар ретін алға тартты.

- Ондаған тараулардың орнына бірыңғай жоспар қабылданды. Осылайша атқарылып жатқан мемлекеттік реформалар туралы халыққа тиімді ақпарат таратуға жол ашылды. Мемелекеттік ақпараттық тапсырыстардың сапасын арттыру үшін бірнеше нормативтік бастамалар қабылданды. Мысал үшін мемлекеттік ақпараттық тапсырыс заң бойынша мемлекеттік сатып алудан алынып тасталды. Алайда арнайы қағида қабылданды. Осылайша БАҚ іріктеу процесін қоғамдық ұйымдардың ашық бақылай алады. Ал мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың жоғарғы талаптарына сай БАҚ өкілдері ғана қатыса алады,- деді Дәурен Абаев.  

Осыдан соң министр Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша орындалған бірқатар мақсатты жұмыстарды тілге тиек етті.
- Біз тек қана отандық көркем және деректі фильмдер көрсететін “Еларна” кино арнасын аштық. 2017 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 40 сериал  түсірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есеге артық. Барлық қазақстандық телеарналарды онлайн режимде көруге мүмкіндік беретін Ғалам ТВ жобасы жаңартылды,- деді министр.


Ая Өміртай 

«Егемен Қазақстан»​​​​​​​​​​​​​​