Astana Hub стартаптары Белоруссияда өтіп жатқан халықаралық «ТИБО-2018» форумына қатысуда

14 мамыр күні Беларусь Республикасының Минск қаласында XXV-ші «ТИБО-2018» халықаралық АКТ форумы басталды. Аталған форум, ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа жетістіктер мен озық тәжірибені бөлісуге арналған алаңша болып саналады.

Егемен Қазақстан
16.05.2018 2167

Халықаралық ұйымдармен және басқа елдердің АТ-қоғамдастығымен әріптестік қарым-қатынас орнату, сондай-ақ шетелдік резиденттерді, әріптестерді және инвесторларды тарту мақсатында, Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі форумға басқа ІТ-компаниялармен бірдей қатысу үшін өз резиденттерін жіберді. Қазақстанның 128 ш.м.-лік бөлек стендінде технопарктің келесі 5 стартапы ұсынылған:

  • Jaybox – ноутбук темірімен шағын корпусты кішкентай проектор;

  • Eventum.one — event-индустрия саласындағы маркетинг және билеттер сатылымын автоматтандыру бойынша ұлттық шешім;

  • Game of Drones — дрондар басқарылатын онлайн ойын;

  • СмартЗаправка — клиенттерге өз көлігінен шықпай, жанар-жағармай құйып алуға көмектесетін мобильді қолданба

  • AI Labs — виртуалдық көмекшісі кіріктірілген омниарналы байланыс орталығы.

Іс-шараның ресми ашылуы барысында, Astana Hub резиденттері Insight стартап-акселераторына барып, Белоруссияның стартап-экожүйесін қалыптастыру жөніндегі тәжірибесімен бөліскен TDIgroup СЕО Сергей Дробышевскиймен әңгімелесті. Белоруссиялық акселератордың өкілдері де Astana Hub қызметімен және акселерация бағдарламасының бірінші ағынындағы жобалармен танысып шықты.

Бұдан бөлек, Қазақстан делегациясының өкілдері startup hub Imaguru.by тарапынан ұйымдастырылған Belarus Startup Ecosystem Builders іс-шарасына барып келді. Минск стартап-экожүйесінің барлық ойыншыларын біріктірген бұл алаңшада ұсынылған Қазақстанның жобалары Белоруссияның венчурлық қор өкілдерінің, инвесторларының ерекше қызығушылығын тудырды. Форумның бірінші күнінде коммуникациялық алаңшаларға барудың арқасында, Қазақстанның жаңа бастаушы АТ-кәсіпкерлері тәжірибе алмасу және болашақта бірлескен технологиялық жобаларды іске асыру үшін пайдалы қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне ие болды.

Astana Hub технопаркі 2018 жылдың ішінде Road Show арнайы жобасының шеңберінде бірнеше халықаралық АТ-форумлар мен конференцияларға қатыспақ – осылайша, технопарк резиденттері халықаралық әріптестік байланыс орнату, шетелдік инвесторларды тарту, халықаралық АТ-қоғамдастықтың Astana Hub технопаркінің қызметі туралы хабардарлық деңгейін көтеру және стартаптарды сыртқы нарықтарға шығарып, масштабтау және Қазақстанда АТ-нарыты дәріптеу мүмкіндігіне ие болады.

«Минск қаласындағы «ТИБО» сияқты халықаралық күн тәртібі белгіленген АТ-форумдарға қатысу – жаңа бастаушы кәсіпкерлер үшін де, осы саланың аса тәжірибелі өкілдері үшін де дұрыс инвестиция. Бүгінгі таңда, Astana Hub технопаркінің 5 стартап-командасы дәл осы жерде, ТМД ауқымындағы ең танымал форумдардың бірінде ұсынылған. Astana Hub технопаркі өз резиденттерінің бизнесін дамыту үшін жайлы техникалық жағдай жасаумен ғана шеттеп қалмай, бизнес-байланыстарды, халықаралық қатынастарды нығайтуға және инвесторларды тартуға да қолғабыс етеді. Сондықтан да, осы бағытты іске асыру үшін Road Show арнайы жобасы әзірленген болатын. Мысалы, «ТИБО – 2018» іс-шарасына әлемнің 15 түрлі елінің өкілдері – 100-дан астам компания қатысады, олардың арасында еуразиялық өңірге бағдарланған қызметпен айналысатын тіркемелі инвесторлар да бар. Мұнда, экспансияға дайындалып жатқан қазақстандық компанияларымызға, «ТИБО» форумының алаңшасы ұсынатын осы ресурстар мен құралдар халықаралық іскерлік коммуникацияларды орнату үшін өте пайдалы болады» - деп мәлімдеді «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі төрағасының орынбасары және «ТИБО – 2018» форумындағы қазақстандық делегацияның өкілі, Павел Коктышев.

Astana Hub резиденттерінің өздері болса, «ТИБО» форумына қатысу – ең алдымен, тәжірибе жинау және шетелдік нарықты зерттеу мүмкіндігі деп атап өтуде:

«Форумға қатысудың арқасында, халықаралық алаңшада сенімді болуымыз үшін мол тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие болық. Қазірдің өзінде бірнеше іс-шараға қатыстық, соның ішінде венчурлық компаниялармен де кездестік, жерігілікті инкубаторлар мен акселераторларға барып келдік – осылайша, олардың жұмысының қалай жүргізілетінін түсіндік, әлеуетті әріптестермен тәжірибе алмастық және байланыс орнаттық. Жалпы, осының барлығын бақылай келе, қазақстандық стартаптардың даму деңгейін ауыз толтырып айтарлық деуге болады – командаларымыздың көбісі ТМД аумағындағы көршілес елдердің мәлімдеген жобаларына дес бермейді – қазір халықаралық нарықтың бағыттарын зерттей келе, бәсекеге қабілетті бола алатынымызды түсінеміз» - деп өз ойымен бөлісті “Game of Drones” стартап-жобасының негізін қалаушы, Абылайхан Жаканов.

2018 жылғы форумның тақырыбы – телекоммуникациялық және желілік инфрақұрылым, телевизиялық, мультимедиалық технологиялар және ойын технологиялары, интернет технологиялары және қызметтер, робот техникасы, «Ақылды қала» және «Ақылды үй» технологиялары және басқалар болды. Экспозиция қоғам мен мамандардың назарын заманға сай әлемдік трендтерді қолдану арқылы экономиканы цифрлық түрлендіру үдерістеріне аударуға бағытталған.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.08.2018

Жазықсыз атылған жампоз

15.08.2018

Астананың білім беру мекемелерінің 45 басшысы тәртіптік жазаға тартылды

15.08.2018

Қарулы күштерінің сержанты ер-азаматқа лайық батылдық жасады

15.08.2018

Атыраудағы «КасХим» жылына 27 млн полипропилен мен полиэтилен шығарады

15.08.2018

Керекулік өрендер жазды ойдағыдай өткізуде

15.08.2018

Алексей Цой жеке қабылдауына жазылған азаматтармен кездесу өткізді

15.08.2018

Жамбыл филармониясына Кенен есімі берілді

15.08.2018

«ҚАЗБАТ» батальоны АҚШ-тың «Дала қыраны-2018» бітімгерлік оқу-жаттығуларына қаты­суда

15.08.2018

Нарынқолдағы застава

15.08.2018

Заң кінәлі ме, балл кінәлі ме?

15.08.2018

Солтүстік Қазақстанда 48 полиция қызметкері баспаналы болды

15.08.2018

Физика пәнін ағылшын тілінде меңгерудің тиімділігі

15.08.2018

Алматы облысында жаңадан салынған 9 мектеп оқушыларға есік ашады

15.08.2018

Қапшағайдағы тамыз кездесуі

15.08.2018

Ақылбек ШПИКПАЕВ: Өзгеріс уақыты келді

15.08.2018

Қызылжар ауданындағы 13 ауылға сапалы ауыз су жетті

15.08.2018

Дәурен ҚАРАБАЕВ: Артықшылықты акцияларды кері сатып алу – акция ұстаушылар үшін де, компания үшін де тартымды нұсқа

15.08.2018

Мәлік Отарбаевтың «Бір қайыры бар дүние» кітабының тұсакесері өтті

15.08.2018

Алматыда қалай баспаналы болуға балады?

15.08.2018

Анасын сағынғандар оқитын кітап

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Шалдың баласы

Қазақ менталитетінің өзіне тән тағы бір ерекшелігін айқындап, бекзат болмысын ажарлап әмбе сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптарының бірі отбасындағы үлкен баланы, әсіресе ұлдың тұңғышын ата-әжесінің бауырына салу дер едік. Ол атасының баласы болып өседі. Шалдың баласы құдайдың еркесі, оны ешкім бетінен қақпайды. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу