Қазақстан • 17 Мамыр, 2018

АЭФ-2018: Президент АХҚО ашылу салтанатына шақырды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Астана экономикалық форумы базасындағы Global Challenges 2018 конгреcінің пленарлық отырысқа Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қатысып сөз сөйледі.

АЭФ-2018: Президент АХҚО ашылу салтанатына шақырды

Өз сөзінде Президент елордада өткен жылы өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің базасында Астана халықаралық қаржы орталығы ашылғанын айтып, қонақтарды осы Қаржы орталығына шақырды.

– ЭКСПО көрмесінің базасында ағылшын құқықтары бойынша жұмыс істейтін халықаралық қаржы орталығы ашылды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Сіздерді Қаржы орталығының 5 шілдеде өтетін ашылу салтанатына шақырамын,– деді Н.Назарбаев.

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»