Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Серік Баймағанбетовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
С.Баймағанбетов Президентті ведомствоның 2011 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары туралы хабардар етті.
Ағымдағы жылдың 11 айында кеден органдары тарапынан сомасы 1 трлн. 32 млрд. теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салық түсімі бюджеттің кірісін қамтамасыз етті. Тапсырманың орындалу болжамы 106 пайызды құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда бюджетке кедендік төлемдер мен салықтар 389 млрд. теңге көп аударылған.
Президент кедендік әкімшілендіру мен бақылаудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ контрабандамен күресті күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.