08 Желтоқсан, 2011

Декларация жобасы қаралды

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Парламент Се­наты бюросының отырысы болды. Бірінші кезекте Қазақ­стан Республикасы Мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығы декларациясының жобасына қатысты мәселе қаралды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Құжат жобасын биылғы 10 желтоқсанда болатын Парламент Сенатының отырысында қарау жоспарланып отыр. Қ.Мәми атап өткендей, қоғамды топтастыра­тын жаңа құжат болғалы отырған Декларацияны Парламентте қа­былдау туралы бастамаға Мемлекет басшысы қолдау білдірген болатын. Декларацияда Қазақстанның мемлекет құрылысындағы Тұң­ғыш Президент – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың көрнекті рөлі атап өтілген. Мемлекет бас­шы­сының жетекшілігімен ауқым­ды саяси, экономикалық және әлеу­меттік реформалар іске асы­рылды. «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президент Н.Назарбаев белгілеген бағыт өзінің өмір­шеңдігін дәлелдеді және «қа­зақстандық даму жолы» ретінде әлемге танылды», – деді Қ.Мәми. Төраға атап өткендей, Декла­ра­цияны әзірлеу аясында Парламентте арнайы жұмыс тобы құ­рылды. Онда құжаттың негізгі мән-мағынасы, құрылымдық және мазмұндық жағы нақты­лан­ды. Қ.Мәми Декларация қабыл­да­нғаннан кейін Мемлекет бас­шысына жіберілетінін айтты. Құ­жат мәтіні ресми бұқаралық ақ­па­рат құралдарында жария­лана­тын болады. Бюрода одан басқа биылғы 14 желтоқсанда болатын Сенаттың кезекті жалпы отырысының күн тәртібі белгіленді.