08 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №65/124

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы             2011 жылғы 7 желтоқсан      

2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Респуб­ли­касы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес 1-қосымшаға сай құрамда құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы ақпараттық дауларды қарау жөніндегі Қоғамдық кеңес туралы ереже (2-қосымша) бекітілсін.

3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ. Тұрғанқұлов,

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б. Мелдешов.

1-2косымшалары