Кеше ОСК-да комиссия отырысы болып өтті, отырыс барысында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының өкілдеріне партиялық тізімді бекіту туралы қаулы тапсырылды. 127 адамды қамтитын тізім сайлау комиссиясымен бірінші болып тіркелді.
Тіркеу туралы қаулыны алған партия Төрағасының бірінші орынбасары, Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Нұрлан Нығматулин: «Бүгін, сәрсенбінің сәтті күні, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы бірінші болып, Орталық сайлау комиссиясында ресми тіркеуден өтті. Біздің партиялық тізімге кірген барлық 127 үміткеріміз заңға сәйкес, тексеруден өтті. Енді, 16 желтоқсаннан бастап, біз барлық қала мен аудандарда, аймақтарда өзіміздің насихат жұмыстарымызды бастайтын боламыз», – деді.
Сондай-ақ кеше Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасын қолдай отырып, «Нұр Отан» партиясы сайлау науқанына қатысатын барлық саяси партияларға 2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының әділ де ашық сайлауын өткізу туралы меморандумға қол қою туралы ұсыныс жасағанын айтты.
Нұротандықтардың ойынша, алдағы сайлау науқаны біздің еліміздегі демократиялық құндылықтарды, заңдылықты, ойын білдірудегі еріктілік, сайлау үдерісінің ашықтығы мен айқындығын көрсету алаңына айналуы тиіс. Сондықтан олар сайлау үдерісінің барлық қатысушыларын саяси төзімділік пен өзара сыйластық қағидаттарын сақтауға, үгіт-насихат науқанын тек Қазақстан Конституциясы мен сайлау заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізуге шақырып отыр.
«Егемен-ақпарат».

Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды
Қоғам • Бүгін, 11:00
Баку – Тбилиси – Джейхан арқылы 110 мың тонна мұнай жөнелтіледі
Экономика • Бүгін, 10:50
Өткен жылы өндіріс 6,4%-ға артты: Қай салалар оң динамика көрсетті?
Қоғам • Бүгін, 10:40
Енді мұнай-газ құбырларын адам емес, дрон күзетеді
Энергетика • Бүгін, 10:38
Астана әуежайында Дубайдан олжалы оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды
Айбын • Бүгін, 10:32
Қызылордада бойжеткеннің соңынан қалмай, аңдыған өгей әкесі темір торға тоғытылды
Аймақтар • Бүгін, 10:20
13 ақпанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?
Ауа райы • Бүгін, 10:02
Жасанды интеллект ауаның ластануын алдын ала болжай ала ма?
Экология • Бүгін, 09:55
Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:47
Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 09:39
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді
Қысқы спорт • Бүгін, 09:06
Рухани дипломатияның маңызы арта түсті
Саясат • Бүгін, 09:00
Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды
Саясат • Бүгін, 08:58
Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба
Қоғам • Бүгін, 08:55