08 Желтоқсан, 2011

Сайлауалды тұғырнама соңғы сараптан өтті

447 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қарашаның соңғы жексенбісінде Ал­ма­тыда «Ақ жол» демо­кра­тиялық пар­тия­сының Х съезі бо­лып, онда сайлауалды тұғырна­ма­ның алғашқы нұсқасы тыңдалып және Парламент сайлауына түсетін адамдар тізімі белгіленген бо­латын. Жалпы саны 79 адамды тізімге енгізген ақжолдық үміткерлердің арасында кәсіпорын басшылары, ірі бизнесмендермен қатар, елге барынша танымал әрі ұлт жана­шы­ры болып жүрген талай ға­лым­дар мен ақын-жазушылар, жур­налистер, спортшылар бар. Солардың ішінде Амангелді Ай­та­лы, Смағұл Елубай, Исраил Сапарбай, Қазбек Иса, Бақыт Сәр­сек­баев және т.б. белгілі қазақ­стандықтар бар. Кеше «Ақ жол» партиясының Астанадағы Орталық кеңсесінде отырыс бо­лып, онда съезд бары­сын­да тал­қы­ланған сайлауалды тұғырна­ма­ның соңғы нұсқасы бекітілді. Съезде барлығы 22 адам шығып сөйлеп, ұсынылған тұғыр­на­маға 100-ден артық өзгерістер мен толық­ты­ру­ларды қосу қа­жеттігін айтқан-тын. Біз солардың бәрін есепке ала отырып, сай­лау­алды тұ­ғырнаманы толықтырып әрі барынша пысық­тап шықтық. Енді ол сіздердің бекітулеріңізге ұсы­ны­лады, деді партия төрағасы Азат Перуашев. Сонымен бірге, ол кіріспе сөзінде Қазақстанның аз уақыттың ішінде нарықтық эко­номикалы елге ай­на­лып, қоғам­дық, әлеуметтік тұрғыда тұрақты даму жолына түскенін атап өтті. – Азия елдері арасынан бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық еттік. Қазір ядросыз әлем жолын­дағы ха­лықаралық қозғалыстың көшбас­шы­сы болып келеміз. Осы­ның бәрі елімізді сыртқа таны­ту жолындағы өлшеусіз тиімді қа­дамдар болып отыр. Әрине, бізде барлық проблема шешімін тапты деп айта алмай­мыз. Әсіресе, ауыл­дың болашағы, әлеуметтік жағ­дайы төмен от­ба­сылардың мәселесі бізді қатты алаңдатады, – деді төраға. Одан әрі сайлауалды тұғыр­наманың соңғы нұсқасы бойынша Орталық кеңес мүшелерінен пікірлерін айту сұралды. Алғашқы болып сөйлеген Амангелді Айта­лы жетілдірудің шегі жоқ екенін айта келіп, бүгінгі таңда осы тұ­ғыр­­на­маның жарайтындығын атап өтті. Біздің басқалардан бө­лектігіміз – осы заманға сай кә­сіпкерлікті дамытуға, соның ішінде олардың ұлттық мүддені, ха­лыққа жан­ашыр­лығын жақтау жа­ғына үлкен мән беріп отыр­мыз. Сайлауалды тұғырнамада соның бәрі көрсе­тіл­ген, дей келіп, А.Айталы сайлау­шылар дауы­сын алу жолындағы күрестің кейбір әдістері туралы өзінің ойларын ортаға салды. – Біз БАҚ мүмкіндіктерін ба­рынша тиімді пайдалануға тиістіміз. Соның ішінде өзіміздің «Жас қазақ үні» газетінің тиражын арт­тырып, оның кеңінен таралуына мүмкіндік тудыруымыз керек. Америкада некрологтан басқа дү­ниенің бәрі сайлау үшін тамаша дейді екен. Сондықтан жеңуге мүмкіндік тудыра алатын дү­ниенің бәрін қолдана білуіміз керек, – деді ол. Осыдан кейін де Орталық кеңестің бірнеше мүшесі сөйлеп, тұғырнаманың соңғы нұсқасын бекіту қажеттігін айтты. Отырыс қо­рытындысында «Ақ жол» демо­кратиялық партиясының сай­лауал­­ды тұғырнамасы бекітілді. Сонымен бірге, осы отырыста Азат Перуашев партияның бірнеше байырғы әрі белсенді мүшелеріне Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың Жарлығымен берілген «Қазақ­стан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медальдарын табыс етті. Наг­радталғандардың арасында Ақса­қалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Айталы, партия төрағасы­ның орынбасары Людмила Жуланова, «Жас қазақ үні» газетінің редакторы Қазбек Иса, «Меланж» АҚ президенті Шолпан Жарасова және т.б. болды. Марапатталған­дарды партия мүшесі, танымал әнші Кенжеғали Мыржықбаев әнмен құттықтады. Жақсыбай САМРАТ.