09 Желтоқсан, 2011

Қызметтік көліктер тапсырылды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облысқа жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков облыс орталығындағы бірқатар кәсіпорын­дар­ды аралады. Мәсе­лен, Руслан Аушев басқаратын «Арго» серіктестігі сый­ымдылығы 30 мың тонна астық сыятын және күнбағыс өнімін қа­былдайтын элеватор салып жатыр. Құрылысы келесі жылы аяқ­тал­мақ. Яғни, күзгі жиын-терімге дайын болады. Бұл облыс диқандары үшін астық сақтаудағы бірқатар қиындықтарды жеңілдетеді. Министр содан кейін, облыс орталығын­дағы алаңда ел Тәуел­сіз­ді­гінің 20 жылдығы қарсаңындағы шараға қатысты. Осы жерде облыс­тың мемлекеттік ветеринарлық қызмет инспекторларына Ауыл ша­руа­шылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қада­ға­лау комитеті атынан облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев облыстың 14 аумақтық ве­те­ри­нарлық инс­пек­циясы бөлімдеріне «Нива» қызметтік автокөліктерін тапсырды. Түстен кейін министр Успен ауданы Галицкий ауы­лын­­да­ғы тауарлы сүт фермасын, облыс орта­лы­ғындағы ет-сүт өнімдерін өнді­ре­тін Вячеслав Руф басқа­ратын «Рубиком» серіктестігін аралап көрді. Фарида БЫҚАЙ.