«Жас құтқарушы» жарысының мақсаты балалар және жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу, төтенше жағдайлардың туындауы мек қауіпі төнген кезінде жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселесіне саналы және жауапты көз карасты қалыптастыру, балалар мен жастарды қолданбалы спорт түрімен шұғылдануға тарту, сондай-ақ жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеу және «құтқарушы» мамандығын насихаттау болып табылады.
Жарысқа ауданның №3, №4, №5, №7, №8 орта мектептері қатысты. Жарыс жауынгерлік қанат жаю, оқу мұнарасының 1 қабатына көтерілу, кедергілер арқылы 100 метрлік жолақтан өту, құтқару арқанын уақытқа байлау түрлері бойынша өткізілді.
Жарыс қортындысы бойынша 1-орын №5 орта мектебі, 2-орын - №3 орта мектебі, 3-орынды №8 орта мектебі иеленді. Жарысқа қатысушылар кубоктармен және мақтау грамоталармен марапатталды. Аудандық жарыстың жеңімпаздары «Жас құтқарушы» қалалық жарысына қатысуға мүмкіндік алды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы