Қазақстан • 21 Мамыр, 2018

Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясы дөңгелек үстел өткізді.

297 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

21 мамырда Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік-еңбек қатынастары: талдау және келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясы дөңгелек үстел өткізді.

Форум жұмысына Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан  кәсіподақ көшбасшылары, сондай-ақ, белгілі экономистер, еңбек сарапшылары және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Дөңгелек үстел аясында Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік-еңбек мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жастарды әлеуметтендіру, лайықты және табысты еңбек, гендерлік тепе-теңдік мәселелері, сондай-ақ, лайықты еңбекақы төлеу мәселелері талданды.

Өз мәлімдемесінде ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының  орынбасары Ерлан Сайыров атап өткендей, Орталық Азия компаниялары үшін Қазақстан нарығына әрдайым жол ашық. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес 2018 жылғы 1 наурызда Қазақстан аумағында Орталық Азия елдерінің қатысуымен 4,2 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген, олардың 2 мыңнан астамы қазіргі таңда жұмыс істейтін кәсіпорындар болып табылады.

Экономикалық серіктестіктің ұлғаюына байланысты біздің аумақтағы көші-қон ағымын реттеу мәселесі туындайды.

Халықаралық көші-қон ұйымының болжамы бойынша келесі он жылдықта Орталық Азиядағы жұмыс күшінің ұсынысы 4 миллион жұмысшыға артады және 2026 жылдан кейін де ұлғаюын жалғастырады.

Сондай-ақ, өткір мәселелердің тағы бірі ауылды жерге қатысты болмақ. Мәселен, тұрғындардың ең маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін еңбекақының төменгі дейгейі.

Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы болжамына сәйкес Қазақстанның еңбек нарығындағы сұраныс соңғы бес жылда жыл сайын 60 000 адамға артпақ. Бұл ретте өнеркәсіп пен құрылыстағы ірі жобалардан ең көп сұраныс туындайды.

Дөңгелек үстел аясында ҚРКФ еңбекші-мигранттар кәсіподағын құру туралы бастама көтерді. Бұл – әлемдік тәжірибе. Өз отанынан жырақта жүрген еңбекші-мигранттар кәсіподаққа мүше болу арқылы әлеуметтік қорғауға ие болады және өзін сенімді сезінеді.

Қазақстан кәсіподақтары өз құзыреті мен мүмкіндіктерінің аясында мемлекеттік органдар алдында әлеуметтік-еңбек қатынастарының өзекті мәселелерін көтеруге және Қазақстандағы адам капиталы индексін дамытуға ниетті.

Өткен дөңгелек үстел ағымдағы жылы ҚР Кәсіподақтар федерациясымен ұйымдастырылған ҚР еңбек нарығы сарапшыларының екінші ірі кездесуі болды. 15 наурызда Астанада «Еңбек нарығы: жаһандық үрдістер, мәселелер мен мүмкіндіктер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.