Өйткені ТМД елдерінің мәдени астанасы Шымкент болып белгіленген 2020 жыл Оңтүстік өңірі үшін әрі жауапты, әрі маңызды. Осы және басқа да жәйттер ескеріле, қаланың бас жоспарына сай «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында тәулігіне 20 мың жолаушы өткізетін «Шымкент-2» жаңа теміржол вокзалы салынбақ.
Сонымен бірге жүкті сұрыптау станциясы және үлкен автовокзал салынады деп жоспарлануда. Жалпы алаңы 16 гектарды құрайтын жобада қонақ үй мен әкімшілік ғимарат, 1000 автокөлікке арналған тұрақ қарастырылған. «Байланыс жолдарын дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің директоры А.Оразбеков заманауи үлгіде бой көтеретін қаладағы екінші теміржол желісінің техникалық құрылысы сипатын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа таныстырды. Жобада жоғары технологиялық цифрлық инфрақұрылымды енгізу көзделген.
Облыс әкімі жобаның әлеуметтік маңызы бар екенін және жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға және туристерді аймаққа тартуға мүмкіндік беретінін айта келе, тиісті ведомство басшыларына жұмыс тобын құруды тапсырды. Қазіргі таңда жоба республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау алгоритміне сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарымен жұмыс үйлестіру сатысында тұр.
Еркін ДОСЫМБАЙ,
Оңтүстік Қазақстан облысы