Фото: Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметі
Мұнда 70 техника жұмыс істеуде. Тракторлар жерді өңдеп жатыр. Өртенген жерлерде екі алаң белгіленген. Бұрынғы өртенген орманның ішкі тұсы ғана жалғасып жатыр. Сыртқа қарай таралған жоқ. Орманшылар мен өрт сөндірушілер өртенген тұсты қадағалауға алған. Желдің қатты шығуы да орман өртін сөндіруге кедергі. Қазіргі уақытта тікұшақпен тексергенде белгілі болғандай 300 гектар жер жанып кеткен, деді Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.
Кеше Семейге Өскеменнен арнайы МИ-2 тікұшағы да келген еді. Олар барлығы 25 тонна болатын 6 мәрте су құйды. Өрттің шығу себебі белгісіз.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА